Енді "Ashyq"-қа кіру үшін бизнеске арналған QR-кодты

30.07.2021

Қазақстан бойынша "Ashyq" жобасына кіру үшін QR-кодты алуда бизнеске көмек көрсететін тегін пункттер ашылды

Кеше пункттер Алматы, Қарағанды, Шымкент, БҚО, ШҚО, Ақмола облысы және басқа да өңірлерде ашылды

 

"Ashyq" жобасына кіру үшін QR-кодты алуда бизнеске тегін көмек көрсету пункттерін Қазақстан бойынша "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ашты, деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметі. 

 

Жобаға кіру алгоритмі қарапайым және қол жетімді екені атап өтіледі.

 

"Ashyq"-қа кіру рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді және уақыт бойынша қысқартылды, бұрын оған кем дегенде 9 күн кететін-өтінім берген сәттен бастап жобаға толық кіргенге дейін кәсіпкерге 2 күн қажет болды, содан кейін мекеме 7 күн тест режимінде жұмыс істейтін. Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша тізбектен санитарлық дәрігерлер мен ӨКП (өңірлік кәсіпкерлер палатасы) алып тасталды", — делінген хабарламада.    

 

Кәсіпкерлерге көмек көрсету пункттері кеше Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында іске қосылып, басқа өңірлерде ашылуда.

 

Ұлттық палатаның өңірлік бөлімшелерінің мамандарын базарларда және сауда орталықтарында көруге болады – мобильді көмек пункттері тура сауда қатарларының ішіне орналастырылды. ӨКП кеңселерінде де консультативтік көмек көрсетіледі.

 

"Мысалы, Қарағандыда танымал нарықтардың бірінде көмек пункті жұмысының алғашқы сағаттарында 77 жалға алушы өтінім берді, олардың 22-сі QR — код алды", — деп атап өтті "Атамекен" ҰКП сайтында.

 

Барлық алдын ала анықтамалық ақпаратты, байланыстарды, пункттердің мекенжайларын, ҰКП өңірлік палаталары сайтта және әлеуметтік желілерде жариялайды делінген. Көмек көрсету пункттері бойынша жалпы мәліметтер базасы осы жерде қол жетімді.

 

Сондай-ақ жобаға қосылуға өтінімдерді Infokazakhstan.kz сайтында беруге болады, бірақ қоғамдық тамақтану нысандары оны салалық қауымдастық арқылы ұсынуы керек. 

 

Кәсіпкерлер жобаға кіру бойынша барлық ақпаратты ҰКП call-center-не 1432 бірыңғай нөмірі бойынша жүгіну арқылы ала алады.

 

Қазір жобаға сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, азық-түлік емес базарларды және басқа да ШОБ объектілерін қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жұмыс уақыты көрсетілген қаулысы қабылданғаннан кейін бұл нысандар жобаға жеңілдіктер мен преференциялармен қатыса алады, — деп түсіндірді ҰКП сайтында.

Ashyq жобасында алты айда бүкіл ел бойынша 22 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелді.Қосымшаның көмегімен "қызыл" мәртебесі бар 13 мың және "сары" мәртебесі бар тоғыз мыңнан астам қазақстандық анықталды.

 


 



Қарау саны: 2562
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!