Әсет Ерғалиев: 2021 жылдың І жартыжылдығында ШОБ субъектілері

03.08.2021

Әсет Ерғалиев: 2021 жылдың І жартыжылдығында ШОБ субъектілері 1 трлн теңгеден астам жеңілдетілген қаржыландыруға ие болды

 

Экономиканың зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін  
ШОБ несиелері қайта қаржыландырылады және экономикалық қызмет түрлерінің тізімі едәуір 
кеңейтілді


Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі 
Әсет Ерғалиев ағымдағы жылы шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды 
министрліктің баспасөз қызметі. 
 

 

"Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 1 трлн теңгеден астам сомаға ШОБ — тың 31 мыңнан астам жобасы жеңілдікті қаржыландыруға ие болды", - деп хабарлады ҚР ҰЭМ басшысы.

 

Экономиканың зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін ШОК кредиттері қайта қаржыландырылады, экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі айтарлықтай кеңейтілді. Субсидиялау мерзімі үш айға ұзартылды. Бұл мақсатқа бюджеттен 18,4 млрд теңге бөлінді.

 

2021 жылдың шілдеайында "Бизнестің жол картасы" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары аясында жаңа бизнес жобаларын субсидиялау үшінбюджеттен қосымша 13,2 млрд теңге бөлінді. Екі бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі-186,3 млрд теңге.

 

Сонымен қатар шілде айында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасының "Бастау-Бизнес" жобасының түлектеріне шағын несие беру басталды. Жаңа бастаған ауыл кәсіпкерлерінің бес мың жобасын қаржыландыру жоспарлануда. Бұл мақсатқа 22,5 млрд теңге бөлінді.

 

2021 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша "Бизнестің жол картасы 2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары шеңберінде жалпы сомасы 441 млрд теңгеге 12 447 жоба субсидияланды, 187 млрд теңге сомаға 10 788 жоба бойынша кепілдік берілді. Аграрлық несие корпорациясы бағдарламалары аясында 5,9 млрд теңге несие сомасына 134 жобаға қолдау көрсетілді.

 

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап зардап шеккен салаларда алынған табыстың 3% мөлшерлемесімен бөлшек салықтың жаңа арнайы режимі енгізілді. 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан салық төлеу бойынша кейінге қалдырулар берілді.

 

"Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап біз жаңадан құрылған өндірістік компаниялар үшін 70% мөлшерінде ҚҚС бойынша қосымша есепке алу құқығын бердік, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне берілген қорғау құралдарының құны ЖТС — тен босатылды", - деп қосты Әсет Ерғалиев.

 

Министр бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, тиімді реттеу жүйесін қалыптастыру үшін кәсіпкерлік қызметті "жаңадан" реттеудің жаңа тәсілдері әзірленгенін атап өтті. Олар мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіруді, талаптарды белгілеу шарттарын, реттеушілік апелляция институтын, эксперименттік құқықтық режимді, міндетті талаптар тізілімін, есептілікті автоматтандыруды, мемлекеттік бақылауды жетілдіруді, бизнес үшін НҚА-ның кері күшін қолдануды болдырмауды көздейді. Тиісті заң жобасы Парламентте қаралуда.

 

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы күрделі эпидемиологиялық ахуал жағдайында бизнестің толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігін сақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі — Аshyq қосымшасын кеңінен пайдалану екенін атап өтті.

 

"Бұл бизнес үшін кәсіпкерлік қызметтен пайда алу және азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі. Біз осы мәселе бойынша кәсіпкерлерді түсінуге және көмектесуге үміттенеміз. Бизнестің Аshyq қолдануда адал көзқарасы мен жауапкершілігі маңызды", - деп түйіндеді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

 




Қарау саны: 2485
Сақталған: 04.08.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!