Таңбалау жүйесіндегі жұмысты

04.08.2021

Қазақстанда тауарларды таңбалау жүйесіндегі жұмысты жеңілдету жоспарлануда 

Сондай-ақ, 2D-сканермен сканерлеусіз жүйеде тауарды есептен шығару мүмкіндігі қарастырылуда

 

Қазақстанда таңбалау жүйесіндегі және қабылдау-тапсыру актілеріндегі жұмысты жеңілдету жоспарлануда, сондай-ақ 2D-сканермен сканерлеусіз таңбалау жүйесіндегі тауарды есептен шығару мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

 

Ведомствоның мәліметінше, шағын бөлшек сауда жұмысындағы көптеген проблемалар оқыту саласында жатыр. Қазір шағын кәсіпкерлер үшін таңбаланған тауармен жұмыстың түрлі аспектілері бойынша пайдалы нұсқаулықтар мен жадынамалар топтамасы әзірленуде, бейнематериалдар дайындалуда, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін цифрлық таңбалау жөніндегі байланыс орталығының болуы туралы ақпарат белсенді таратылатын болады. Шұғыл желі телефоны: 8 800 080 6565.

 

Ұсақ бөлшек саудада таңбаланған тауармен жұмыстың проблемалық мәселелерін пысықтау үшін Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы өңірлерге сапар жасайды, шағын дүкендердің бизнес-процестерін зерделейді және ұсақ бөлшек саудада жұмыс істеу бөлігінде таңбалау қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ұсынымдар әзірлейді.




Комитетте темекінің цифрлық таңбалануы ҚР-да 2020 жылдың 1 қазанынан бастап міндетті болып табылатынын еске салды. Ел аумағына импортталатын немесе өндірілетін барлық темекіге цифрлық таңбалар салынады. Олар өнім туралы цифрлық ақпаратты "қорғайды".

 

"Темекі өнімдерін сату үшін қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ, тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы markirovka.kz сілтемесі бойынша тіркелу жеткілікті  ", - деп атап өтті МКК.

 

2D-сканердің дұрыс жұмыс істеуі үшін онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын қосу қажетIsmet.kz сайтында онлайн-БКМ-ға тауарлар номенклатурасын өз бетінше қосу бойынша нұсқаулықтар орналастырылған, бұл кәсіпкерлерге қосымша шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

 

 

Мұндай сканерлерге балама ретінде сіз Naqty Sauda мобильді қосымшасын (Android және IOS үшін) пайдалана аласыз. Тауарды 2D-сканермен сканерлемей есептен шығару және қабылдау-беру актілерімен жұмысты жеңілдету мүмкіндігі қарастырылуда.

 

"Темекі 1999 жылдан бастап қағаз акциздік таңбалармен белгіленіп келеді. Біз цифрлық таңбалауды енгіздік, енді 2022 жылдың қаңтарынан бастап қағаз акциздік таңбаны алып тастаймыз", - деп қорытындылады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.



Қарау саны: 2618
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!