www.bilet.railways.kz-те т/ж билеттерін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жеңілдікпен

06.08.2021

Енді ерекше қажеттіліктері бар адамдар жеңілдетілген т/ж билеттерін онлайн сатып ала алады

Ол үшін www.bilet.railways.kz сайтында ЖСН мен еGov mobile-дан алынған 6 таңбалы әлеуметтік ID кодын енгізу қажет. 

 

Енді ерекше қажеттіліктері бар адамдар жеңілдетілген билеттерді билет кассаларына бармай-ақ, онлайн сатып ала алады, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) баспасөз қызметі.

 

"Авторизацияланған пайдаланушы www.bilet.railways.kz сайтында сапар күні мен вагондағы орынды таңдағаннан кейін  мәртебені растау үшін өз деректерін көрсетуі қажет: ЖСН, мүгедектік туралы анықтаманың нөмірі және eGov mobile қосымшасының "Цифрлық құжаттар" сервисінде әлеуметтік ID құжатқа қолжетімділік ашылғаннан кейін пайда болатын 6 таңбалы код.  ", — делінген хабарламада.

 

Сайттағы деректерді толтырғаннан кейін билеттерді сату жүйесі мүгедектік мәртебесін алу үшін "Цифрлық құжаттар" сервисіне сұрау жібереді. Деректерді тексеру кезінде жолаушының мәртебесі расталады. Бұдан әрі сату жүйесі жеңілдікті таңдалған орынға қолдануға мүмкіндік береді және төлем жүргізу рәсіміне және жол жүру құжатын ресімдеуге бағыттайды.

"Өткен жылы теміржол билеттерінің 50% - дан астамы онлайн сатылды. Біз бұл көрсеткішті 2021 жылы барынша көп жолаушы онлайн билеттер сатып алуы үшін арттыруға тырысамыз. Бұл уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдейтін ең тиімді әдіс. Сондай — ақ, елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, билет кассаларына бармай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың теміржол билеттерін сатып алу процесін жетілдіру туралы шешім қабылданды", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Петер Штурм.

Хабарламада айтылғандай, "Мүгедектігі бар адамның куәлігі" құжатын алғаш қолданған кезде бірнеше минут қажет болуы мүмкін, өйткені мемлекеттік органдар жүйесінен алынған деректерді ескере отырып, құжаттың шығу нысаны қалыптасады. Егер куәлік пайдаланушыға қолжетімді құжаттар тізімінде көрсетілмесе, жоғарғы оң жақ бұрыштағы көрсеткіні басу арқылы "Цифрлық құжаттар" бөлімін жаңарту қажет.

"ҰАТ" АҚ үшін ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар үшін цифрлық форматтағы қызметтердің қолжетімділігі маңызды міндеттердің бірі болып табылады, деп атап өтті компанияда.

"Біз мүгедек адамдардың мәртебесін растайтын құжатты өзімен бірге алып жүруінің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және мүгедек адамның куәлігі eGov mobile қосымшасындағы "Цифрлық құжаттар" сервисінде де қолжетімді екенін қуана хабарлаймыз. Бұдан басқа, "ҚТЖ" ҰК" АҚ билеттерді сату жүйесімен біріктірудің арқасында жеңілдікті билеттерді ресімдеу мүмкіндігі іске асырылды. Оны алу үшін, BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан билет сатып алғанда, құжатқа қолжетімділікті ашу кезінде қалыптасатын 6 таңбалы код пен ЖСН енгізу жеткілікті", — деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

2019 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына (2019 жылғы 2 тамыздағы №611 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бұдан әріҚқағидалар) әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынастары бойынша жол жүруге мүгедектігі бар барлық адамдар үшін 50% мөлшерінде жеңілдік көздейтін норма енгізілді.


"Сондай-ақ, жолаушыларға www.bilet.railways.kz ресми сайтында жеңілдетілген т/ж билеттерін "Мейірім" дисконттық картаның көмегімен рәсімдеу жаңа енгізіліммен қатар қолжетімді екендігі туралы хабарлаймыз", - деп айтып кетті "ҰАТ" АҚ-да.

 



Қарау саны: 2748
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!