ЕХӘҚМ: Қазақстанда 2050 жылға қарай жұмыс күшінің саны
10.08.2021
ЕХӘҚМ: 2050 жылға қарай Қазақстанда жұмыс күшінің саны 11,4 млн адамға жетеді 2030 жылға қарай көрсеткіш 9,7 млн адамға, 2040 жылы 10,7 млн адамға жетеді.
Деректер Қазақстан бойынша 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді демографиялық болжам үшін жинақталған. Болжамды министрліктің тапсырысы бойынша "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ (ЕРДО) сарапшылары дайындады. Статистикалық деректер мен модельдеу негізінде сарапшылар 2030 жылға қарай жұмыс күшінің саны 9,7 млн адамға, 2040 жылы — 10,7 млн адамға жетеді, ал 2050 жылға қарай жұмыс күші 11,4 млн адамға дейін өседі депесептейді .
Болжамның негізгі сценарийі бойынша 2030 жылға қарай ел халқы шамамен 20,7 млн. адамды құрайды. 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 22,9 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай 25,5 млн адамға дейін өседі.
Болжамда ЕРДО сарапшылары 2050 жылға қарай халық саны бойынша өңірлік сәйкессіздіктің күшеюін атапөтті . Тұрғындар санының ең көп өсуі республикалық маңызы бар қалаларда күтіледі: Нұр-Сұлтан – 2,7 есе (1,9 млн – ға), Алматы – 1,8 есе (1,6 млн-ға) және Шымкент-2,4 есе (1,5 млн-ға). Бұдан басқа, Маңғыстау облысының халқы екі есеге (1,4 млн адамға дейін), 500 мыңға – Түркістан (2,5 млн – ға дейін), 700 мыңға-Алматы (2,8 млн-ға дейін) өседі. ШҚО, Қарағанды, Қостанай, СҚО, Павлодар және Ақмола облыстарында туу, өлім-жітім және көші-қон ағымдағы коэффициенттері кезінде халық санының біртіндеп төмендеуі байқалатын болады. Алайда, егер аталған өңірлерде туудың жиынтық коэффициенті уақыт өте келе айтарлықтай өсіп, көшіп кету азаятын болса (халықтың этникалық құрылымының өзгеруіне және халықтың нақты табысының артуына байланысты), онда аталған өңірлердің халық саны тұрақтануы мүмкін, — дейді сарапшылар. Ұзақ мерзімді демографиялық болжам 2050 жылға дейін жасалған мынадай бағыттар бойынша: халықтың жалпы саны, жастық құрамы, халықтың айырмашылықтар жас құрамы сценарийлері бойынша 2050 жылы, өңірлік сәйкессіздік, өңірлері бойынша халықтың саны, демографиялық динамикасы, саны мен жұмыс күшінің құрылымы мен орташа жасы-жұмыс күшін, оның өңірлік сәйкессіздіктері, өңірлер бойынша бөлініс және тағы басқа. 2021 жылы демографиялық көрсеткіштердің нақты өзгерістері негізінде болжамға түзету жүргізу жоспарлануда (халық санағын ескере отырып).
Қарау саны: 2640 |
|
|