Үкімет отырысы

03.08.2021

Үкіметте бизнесті қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды 

Жыл соңына дейін триллион теңгеден астам сомаға 32 мың жобаға қолдау көрсетіледі.

 

 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бизнесті қолдау бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлады Министрлер кабинеті басшысының сайты.

 

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысыбойынша "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында142 млрд теңгеге 334 жоба қаржыландырылды. Жыл соңына дейін 424 млрд теңге сомасына 724 жобаны қолдау жоспарланған.

 

Бизнестің жол картасы—2025 бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 492 млрд теңгеге 23 мыңға жуық жоба қаржылай көмек алды.

Жыл соңынадейін шамамен 1,2 трлн теңге сомаға 3 2 мыңға жуық жоба қаржыландырылады. 



2021 жылдың нәтижелері бойынша аталған бағдарламалармен 90 мыңнан астам жұмыс орны қамтылады.



Бизнесті қолдаудың барынша сұранысқа ие бағыттары: сауда (47%), қызмет көрсету саласы (15%), өңдеу өнеркәсібі (13%), көлік және қоймалау (9%), сондай-ақ құрылыс болып табылады.



"Пандемия жағдайында Үкімет "Атамекен" ҰКП - мен бірлесіп қабылдап жатқан бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары өз тиімділігін көрсетті. Аталған бағдарламалар аясында жоспарланған шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін толық көлемде іске асырылуы тиіс", — деп атап өтті Асқар Мамин.

 

Атқарылған жұмыс туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков, "Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстарының әкімдері Өмірзақ Шөкеев пен Амандық Баталов баяндады. 



Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Әсет Ерғалиев: 2021 жылдың І жартыжылдығында ШОБ субъектілері 1 трлн теңгеден астам жеңілдікті қаржыландыруға ие болды






Қарау саны: 2607
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!