Цифрлық "әлеуметтік әмиян"

17.08.2021

2022 жылдан бастап ҚР-да жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді кезең-кезеңімен цифрлық "әлеуметтік әмиянға" ауыстырады

Жобаның пилоттық нұсқасы 2021 жылдың желтоқсан айында басталады.


2022 жылдан бастап электронды ақша түріндегі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді өңірлердің дайын болуына қарай "әлеуметтік әмиянға" кезең-кезеңімен аудару жоспарлануда, деп хабарлады ҚР сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова.

 

Оның айтуынша, "әлеуметтік әмиян" ЖСН базасында құрылатын болады — бұл әлеуметтік төлемдерді байланысқан банк болған жағдайда банк шотына аударуға мүмкіндік береді.

Вице-министр жобаны іске қосу үшін не іске асырылғанын айтты.

"2021 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша бірқатар іс-шаралар орындалды: төлем қызметтері үшін QR-кодтың бірыңғай стандарты бекіту сатысында. Бүгін біздің ұлттық стандарт жобасы Қазастандартта орналасқан және оны айдың соңына дейін бекіту жоспарлануда", — деді вице-министр ведомствоның алқа отырысында.

 

 

"Әлеуметтік әмиян" жобасын енгізу шеңберінде "Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) электрондық ақша түрінде аударылатын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді аудару, есепке алу және пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті пайдалану мониторингі қағидаларын және ерекшеліктерін бекіту туралы" НҚА жобасы әзірленді.

 




_____


Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Үкіметіне ҚР ҰБ-мен бірлесіп, тиісті тауар өткізу жүйесін құра отырып, цифрлық "әлеуметтік әмиянды" енгізуді тапсырды.



 



Қарау саны: 2690
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!