ТКШ саласындағы субъектілерге
19.08.2021
ТКШ саласындағы субъектілерге 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларға 970 млрд теңге бөлінеді ТМРК халыққа арналған тарифтердің өсуін тежеу бойынша жұмыс туралы айтты 2021-2025 жылдарға тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласының субъектілеріне жалпы сомасы 966,6 млрд. теңгеге инвестициялық бағдарламалар бекітілді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) төрағасының м.а. Асхат Жапсарбай. Салынған инвестициялардың нәтижесінде:
Спикердің айтуынша, ТМРК тұрақты негізде халық үшін тарифтердің өсуін тежеу бойынша жұмыс жүргізуде. 2021 жылдың басынан бастап табиғи монополиялардың 106 субъектісі (ТМС) бойынша халық үшін тарифтердің 63% - ға өсуі күтілді. Бірақ ведомство 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін халық үшін тарифтердің өсуін тежеу бойынша шаралар қабылдады:
"Жалпы, аталған шаралар 2020 жылдан 2021 жылға көшу кезінде халық үшін тарифтердің көтерілусіз сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін халық үшін тарифтердің бір деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. Президенттің тапсырмаларын орындау аясында тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге, ТКШ саласында ТМС тұтынушылары қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауға, сондай — ақ коммуналдық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруды ынталандыруға және халықтың жол картасы форматында тұтынылатын ресурстарға үнемді көзқарасын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені қабылданды", - деп атап өтті Асхат Жапсарбай. 2020 жылы Жол картасын іске асыру қорытындылары бойынша комитет мынадай бағыттарда жұмыс жүргізді: ТМС қызметіне бақылауды күшейту, ТМС сатып алуға талдау жүргізу, тариф қалыптастырудың ашықтығын және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, ТКШ қызметтеріне негізделген тарифтерді белгілеу, ТМС қызметінің тиімділігін арттыру. 2015 жылдан бастап табиғи монополия салаларында тұтынушылар мен ТМС мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған бес және одан да көп жылға арналған шекті ұзақ мерзімді тарифтерді қабылдау жөніндегі тарифтік саясат қолданылады.
Қарау саны: 2663 |
|
|