Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары және

26.08.2021

ҰЭМ-де 2022 жылы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен салықтық жеңілдіктер туралы айтты

Вице-министр "БЖК-2025" және "ҚЗЭ" нәтижелері туралы және жаңа "1 in, 2 out" реттегіш құралын енгізу туралы айтты 

"Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңадан құрылған өндірістік компаниялар үшін 70% мөлшерінде ҚҚС бойынша қосымша есепке алу
 құқығы берілді, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне берілген қорғау құралдарының құны ЖТС-тен босатылды ", — деді ҚР 
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов. 
 

Оның айтуынша, экономиканың зардап шеккен секторларындағы кәсіпкерлерді қолдау үшін олардың несиелерін қайта қаржыландыру жүргізілуде, субсидиялау мерзімі үш айға ұзартылды. Ол үшін бюджеттен 18,4 млрд теңге бөлінді.



"Бизнестің жол картасы-2025" (БЖК-2025) және "Қарапайым заттар экономикасы" (ҚЗЭ) бағдарламалары— бизнесті қолдау бойынша неғұрлым 
нәтижелі әрі табысты бағдарламалардың бірі", — деп атап өтті бірінші вице-министр,

 

"БЖК-2025" бағдарламасы бойынша несие көлемі 7 млрд теңгені құрайды. Субсидиялау мерзімі-5 жыл. "Қарапайым заттар экономикасы" 
бойынша кредит сомасы шектелмеген,­ал субсидиялау мерзімі - 10 жыл.

 

Ағымдағы жылдың 7 айында "БЖК-2025" және ҚЗЭ аясында жеңілдетілген қаржыландыруды 801,2 млрд теңге сомасына  
25,3 мыңнан астам жоба алды. 
14,4 мың жоба кредиттерінің жалпы сомасы 603,7 млрд теңгеге субсидия алды. Экономиканың зардап шеккен секторларында  
кредиттердің жалпы сомасы шамамен 50 млрд теңгені құрайтын 467 жоба субсидияланды. 62 млрд теңге сомасына 10 мыңнан астам микрокредит берілді.
Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, оңтайлы және тиімді реттеу жүйесін құру үшін  
кәсіпкерлік қызметті "таза парақтан" реттеудің жаңа тәсілдері қалыптастырылды. Олар өзара мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының базалық 
қағидаттарын жетілдіруді, қажетсіз реттеушілік талаптарға жол бермеуді, сондай-ақ мемлекеттік реттеудің жүйелілігі, дәйектілігі және 
сабақтастығын  көздейді. "1 in, 2 out" қағидатын енгізу болжанып отыр - жаңа реттегіш құралды енгізу  
құқықтық реттеудің сол саласында қолданылатын екі заңның күшін жоюды талап етеді. Тиісті заң жобасы  
Парламентте қаралуда.

 

Тимур Жақсылықов күрделі эпидемиологиялық ахуал жағдайында бизнестің толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігін сақтаудың негізгі тәсілдерінің бірі – Аshyq қосымшасын барлық жерде пайдалану екенін атап өтті.

 

"Бұл бизнес үшін кәсіпкерлік қызметтен пайда алу және азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында бизнес-процестерді қайта құрудың жалғыз тәсілі. Бизнестің Аshyq қолдануда адал көзқарасы мен жауапкершілігі маңызды",-деп түйіндеді бірінші вице-министр.

 






Қарау саны: 2654
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!