Қазақстандық бизнестің проблемалық мәселелері
31.08.2021
Үкіметте қазақстандық бизнестің проблемалық мәселелері қаралды Қатысушылар қоғамдық көлік және заңсыз автотасымалдау жүргізушілерінің тапшылығы мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, "Атамекен" ұлттық палатасы қалалық қоғамдық көлік жүргізушілерінің тапшылығы және "D" санатындағы жүргізуші куәліктерін алуға үміткер жүргізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету қажеттілігі мәселесін талқылауға шығарды. Кеңес қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, осы мәселені бір апта мерзімде шешу жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор компанияларының кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуы туралы мәселе көтерілді. Талқылау қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов 2021 жылдың соңына дейін "ҚР МЖ 12-2009 негізгі қорлар жіктеуіші" ҚР Мемлекеттік жіктеуішіне өзгерістер енгізуді және оны халықаралық жіктеуіштерге сәйкестендіруді тапсырды. Заңсыз тасымалдың дамуына байланысты автовокзалдар мен автостанциялардың жолаушылар ағынын азайту мәселесі де талқылау тақырыбына айналды. "Заңсыз тасымалдардың бақылаусыздығынан нарықтың адал қатысушылары тасымалдарды дамытуға және жылжымалы құрамды жаңартуға инвестициялануы мүмкін табыстан айырылады. Бұл Қазақстанның барлық өңірлерінде автовокзалдар мен автостанциялар көрсететін қызметтер деңгейіне теріс әсер етеді", — деп атап өтілді талқылауда.
Қарау саны: 2626 |
|
|