ҚР ҰЭМ басшысы

03.09.2021

Әсет Ерғалиев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үшінші Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтты

4 бағыт атап өтілді: мемлекеттік қаржыландыруды басқару, инфляцияға қарсы ден қою, кәсіпкерлікті дамыту және теңгерімді өңірлік даму.

 

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған әрбір тапсырмасы жобалық тәсіл, процестерді бюрократиясыздандыру және нәтижеге бағдарлану қағидаттарында жүзеге асырылады, деп атап өтті Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

 

ҰЭМ басшысы министрліктің жұмысы төрт негізгі бағыт бойынша жүргізілетінін айтты: мемлекеттік қаржыны басқару, инфляцияға қарсы әрекет ету, кәсіпкерлікті дамыту және теңгерімді өңірлік даму.

 

Мемлекеттік қаржыландыруды басқару бөлігінде министрлік "блоктық" бюджетті енгізуді, жаңа бюджеттік ережелер мен бюджеттік лимиттерді бөлудің объективті әдістемесін айқындауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жан басына қаржыландыру тетігін қолдану жоспарлануда.


"Мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы әзірленеді, ол бюджет саясатын, мемлекеттік және квазимемлекеттік борышты басқару, сондай — ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерін қамтиды", - деді Әсет Ерғалиев. 

 

Тұтыну тауарлары бағасының өсуін тежеуді көздейтін екінші бағыт бойынша инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені әзірленетін болады. Мұнда нарықты отандық өндірістің тұтыну тауарларымен молықтыруға бағытталған жедел және орта мерзімді шаралар туралы сөз болып отыр.

 

Бизнесті өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға ынталандыру үшін"жұмсақ" шаралар әзірленетін болады. Олар реттелетін сатып алулар шеңберінде жеңілдіктерді, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға басым қолжетімділікті көздейтін болады.

 

"Шағын және орта кәсіпкерлік үшін 2022 жылы "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеден кем болмайды", - деді министр.

 

Елдің өңірлік дамуына келетін болсақ, ведомство әрбір өңірдің бәсекелестік артықшылықтарын ашуға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді әзірлеуде.


Ағымдағы жылдың соңына дейін орталық қала мен шеткері аймақ арасында функцияларды нақты бөлу жолымен өңірлерді институционалдық дамытуды көздейтін "Агломерацияларды дамыту туралы" Заң әзірленетін болады.

 

Бұдан басқа, бюджеттік дербестік кеңейтіледі және агломерацияларды бірыңғай қала құрылысын жоспарлау енгізіледі.

 

Перспективалы елді мекендерді неғұрлым оңтайлы дамыту үшін Аумақтық даму жоспарында "адамдар инфрақұрылымға" қағидаты бекітілетін болады.

 

"Мемлекет басшысы "Халық бірлігі және жүйелі реформалар — елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды", — деп атап өтті Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әсет Ерғалиев.



Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үшінші Жолдауын ұсынды



Қарау саны: 2658
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!