S&P агенттігі Қазақстанның несиелік рейтингін

06.09.2021

S&P агенттігі Қазақстанның пандемияға дейінгі кредиттік рейтингін растады

ҚР Ұлттық экономикасының өсу қарқыны 2021-2024 жылдары 3,6% деңгейінде болжануда.

 

Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB -" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты", деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің сайты. 

 

S&P сарапшыларының бағалауы бойынша кредиттік рейтинг тұрақтылығының негізгі факторлары ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері, сондай-ақ ағымдағы жылы экономиканың қалпына келуіне байланысты болжамдар болды.

 

Агенттік 2020 жылы Үкімет тарапынан фискалдық қолдау шаралары экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудің және халықтың әл-ауқаты деңгейінде күрт ауытқуларға жол бермеудің негізгі факторларының біріне айналғанын атап өтті.

 

Олардың болжамдары бойынша, ҚР экономикасы 2020 жылы қысқарудан осы жылдың соңына дейін толық қалпына келеді.

 

Экономиканы әртараптандыру және жеке сектордың үлесін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар аясында ЖІӨ өсу қарқыны биыл 3,5% - ды құрайды.

 

Өсу құрылымында негізгі драйверлер өңдеуші сектордағы тұрақты оң динамика, инвестициялық белсенділіктің күшеюі, пандемияға байланысты шектеулердің әлсіреуі, сондай-ақ сыртқы сауда қызметінің қалпына келуі болады.

 

ОПЕК+ тарапынан өндіруге шектеулердің әлсіреуі және Теңіз кен орнында өндірісті кеңейту аясында мұнай өндіру секторында қалпына келтіру 2022 жылы экономика өсуінің қосымша факторы болады.

 

ҚР Ұлттық экономикасының өсу қарқыны 2021-2024 жылдары 3,6% деңгейінде болжануда.

 


Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Fitch Ratings Қазақстанның кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады 



Қарау саны: 2562
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!