Мемлекет басшысы: Сіздердің амандықтарыңыз

02.09.2021

Мемлекет басшысы: Сіздердің амандықтарыңыз – менің Президент қызметіндегі ең басты мақсатым әрі тілегім.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үшінші Жолдауын жариялады.

 

Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі


 

Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық, – деп атап өтті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына үшінші Жолдауында.



Мемлекет басшысы ҚР-ның алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялады.

 

Үшінші Жолдауда келесі мәселелер белгіленген:

 

І. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму.

II. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.

III. Сапалы білім беру.

IV. Өңірлік саясатты жетілдіру.

V. Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру.

VI. Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау.  

VII. Ұлттың ұйысуы - одан әрі дамудың басты факторы.

 

«Сіздердің амандықтарыңыз – менің Президент қызметіндегі ең басты мақсатым әрі тілегім», - деп атап өтті Президент және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар бастамаларды көрсетті:


1. Ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарау - ЖІӨ-нің 1.5%-ға артуы.

2. Қызметкерлерінің еңбекақысын көбейткен жұмыс берушілерге реттелмелі сатып алу жүйесі аясында жеңілдіктер беріледі.  Сондай-ақ, оларға мемлекет тарапынан белсенді қолдау көрсетілетін болады.

3. Жиынтық салмақты 25%-ға төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізу

4. 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет жыл сайын бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 20%-ға өсіретін болады.

5. Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында «бір терезе қағидаты» бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр. Зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аударуға рұқсат беріледі.

 


I. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму

  • «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімі 2022 жылға дейін ұластырылды. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржының жалпы көлемі кемінде бір триллион теңге болады.
  •  Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджет ережесін енгізуді тездету. Бұған қажетті заңнамалық өзгерістер осы жылдың соңына дейін қабылдануға тиіс. 
  • Үкімет пен Ұлттық банкке жыл соңына дейін Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасын (мемлекеттік қарызды, бюджет саясатын және Ұлттық қорды басқарудың ережелер жинағы) әзірлеу тапсырылды.
  • Орта мерзімдегі мақсатымыз – 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 миллиард долларға жеткізу. Ал, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру.

  • «Отандық өнеркәсіп үшін шикізат тауарларының бағасы қолжетімді, ал көлемі жеткілікті болуы керек. Үкімет жыл соңына дейін осы маңызды міндетті шешудің оңтайлы жолын табуға тиіс.
  •  Сапалы геологиялық ақпараттың инвесторларға қолжетімділігін арттыру үшін тиімді Ұлттық геология қызметін және геологиялық ақпараттың ашық цифрлық мәліметтер базасын құру.

  • Үкімет пен Ұлттық банктің басты міндеті – инфляцияны 4-6 % деңгейіне қайтару.
  • Бұғатталған активтерді тек нарықтық негізде экономикалық айналымға қайтару тәртібін реттейтін заң жобасын әзірлеу.
  • Өнім өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықтағы бағаның бәріне бірыңғай бақылау жасау қажет.  

«Жауапкершіліктің ара-жігін ажырату керек. Бір мекемені басты орган ретінде айқындап, өзгелерінің өзара іс-қимылын нақты белгілеу қажет. Үкімет осы мәселе бойынша бір айдың ішінде шешім қабылдауға тиіс».

  • Жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды одан әрі реттеу үшін жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейтіп, егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақыл егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейткен абзал. Сондай-ақ, ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен қолдану керек.  «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заңды әзірлеу. 
  • Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек
  • Субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру керек. 
  • Цифрландыру жөніндегі ұлттық  жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет. Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға жетуге тиіс.
  • Ұлттық компаниялар ІТ-қауымдастықпен өзара қарым-қатынас жасайтын платформа құру.  Квазимемлекеттік сектордың цифрлық қажеттілігі мен сұранысы барынша отандық компаниялардың күшімен қамтамасыз етілуге тиіс. Көрші елдерге де қызмет көрсете алатын мәлімет өңдеудің заманауи орталықтарын құру.

«Қазақстан Еуразия өңірінің басым бөлігі үшін орталық цифрлық хабқа айналуға тиіс».

  • Қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарау: қорғаныс қабілетімізді нығайту, қауіп-қатерлерге жедел үн қату.

 

II. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.

  • Бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындау «Бустерлік вакциналарды» сатып алу, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды тезірек сатып алу.
  • Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құру .
  • Кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау.

«Соның арқасында зертханаларымыз 90 % дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады».

  • Медицина өнімдерін Зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құру.
  • Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандыру.
  • Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17% ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50% жеткізу қажет.
  • Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс. 



III. Сапалы білім беру.

  • Ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыру.
     

«Биылғы қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 %-ға көбейді. Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз».

  • Қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту.
  • Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету .

Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз.  Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн.

  • Тұрмысы төмен отбасында өсіп жатқан балаларға орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты аясында қолдау көрсету. Материалдық қолдау көрсету шараларын «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтыру».
  • Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізу.

Бұл ретте, ұстаздардың курстан өту үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол берілмейді.

  • 2025 жылдың соңына дейін мың мектеп салу
  • Толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көше бастау.
  • Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеуге жағдай жасау.
  • Сұранысқа ие барлық мамандық бойынша техникалық және кәсіби білім жүз пайыз тегін беру.
  • Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтау.
  • Іргелі ғылыммен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін енгізу.
  • Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесін қарастыру.
  • Апелляция институтын енгізу.

«Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз».

 

III. Өңірлік саясатты жетілдіру.

  • Барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын бағалау тәсілін оңтайландыру.
  • Тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізу.
  • Өңірлерді дамыту жоспарларын бекітілген жалпыұлттық міндеттерге сәйкес жаңарту (Ұлттық даму жоспарының 25 міндеті). 
  • Бюджет қаржысын басымдыққа сай жұмсауЖ ан басына қарай қаржыландыру тетігін неғұрлым кеңірек қолданып, бюджет лимиттерін бөлудің объективті әдістемесін енгізу. 
  • Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыра отырып, бөлшектенген бюджетті енгізу.
  • Қолданыстағы нормативтік база мен тәжірибені өте қысқа мерзім ішінде түбегейлі қайта қарау. 
  • Өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру.

«2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы жергілікті бюджетке берілді. Содан бері экономикалық белсенділік төмендегеніне қарамастан, жергілікті бюджеттердің түсімі жоспардағыдан 25%-ға артық түсе бастады. 

  • Агломерацияны дамыту туралы заң мен қалалардың кешенді құрылысының жаңа стандартын әзірлеу.
  • «Адамдар – инфрақұрылымға» қағидатының сақталуы.

«Болашағы бар ауылдарды дамытуға баса назар аудару керек. Басты мақсат – олардың Өңірлік стандарттар жүйесіне сай болуын қамтамасыз ету.  Бұл ұстанымдар Аумақтық даму жоспарында бекітілуге тиіс».

  • Абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі «халық қатысатын» үлесті 10 есе арттыру.
  • Әрбір өңір үшін Инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске қосу.
  • Инфрақұрылымды жаңғырту Алматыдағы 2-ші жылу электр орталығының аумағында булы газ қондырғысын салу, 3-ші жылу электр орталығын жаңғырту және 1-ші жылу электр орталығын кеңейту. Оңтүстік өңірде 1000 мегаватт энергия өндіретін жаңа қуат көздерін іске қосу. Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кабель желілерін жаңғырту.


«Бұл жобаларға салынатын инвестицияның жалпы көлемі бір триллион теңгеден асады. Біз стратегиялық инвесторларымызбен бірлесіп, еліміздің түрлі өңірінде шамамен 2400 мегаваттық жаңғыртылатын қуат көзін іске қосамыз». 

  • Мейлінше ластанған 10 қаланы орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшіру.

Биыл батыс өңірлерін газбен қамтамасыз ету ісін жақсарту үшін жалпы сомасы 700 миллиард теңге болатын үш жоба бойынша жұмыс басталады. Бұл – Қашағандағы газ өңдеу зауытының және «Мақат-Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырының құрылысы, сондай-ақ, «Бейнеу-Жаңаөзен» магистралды газ құбырын жаңғырту жұмысы.

  • Жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеу.

«Су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды 120 каналды қайта жаңғыртуға кірісеміз. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында жаңадан 9 су қоймасы салынады».

  • Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету.
  • 2060 жылға қарай көміртегінен арылу.
  • Қазақстанда қауіпсіз әрі экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеу және «жасыл» сутегі өндірісі, жалпы сутегі энергетикасын өндіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу. 


Мемлекет басшысы
сөзін былай қорытындылады


«Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды. Шын мәнінде, ұйымдасқан ұтады.

«Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп халқымыз бекер айтпаған.

Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте! Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік!».



Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін оқу



Қарау саны: 2947
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!