Сенат Төрағасы Президентке

09.09.2021

Сенат Төрағасы Президентке 3.0 Жолдауын іске асыруға бағытталған заң жобалары туралы айтып берді

Сайлау заңнамасын әйелдер мен жастар үшін 30% квотаны бекіту бөлігінде өзгерту, Әлеуметтік кодексті қабылдау және бірқатар заңдарды әзірлеу жоспарлануда.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев VII сессия аясында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу барысында Парламент Сенатының жұмыс жоспарымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Жолдауды және Президент тапсырмаларын іске асыруға бағытталған заң жобаларының топтамасына ерекше назар аударылды.

 

Мәулен Әшімбаев алдағы сессия аясында сенаторлар Үкіметпен және Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаны бекіту бөлігінде сайлау заңнамасын өзгерту бойынша жұмыс істейтін болады деп хабарлады. Сондай-ақ, Әлеуметтік кодексті, "Өнеркәсіптік саясат туралы", "Кәсіби біліктілік туралы", "Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы" заңдарды қабылдау күтілуде.

Оның айтуынша, Сенат депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған бірқатар бастамашыл заң жобаларын дайындады. Олардың ішінде Салық кодексіне және ғылым мәселелері жөніндегі заңнамаға, "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заң жобасына түзетулер енгізілді. Жайылымдарды басқару мен пайдалануды реттеуді жетілдіруге байланысты бірқатар өзгерістер дайындалуда.

Президент "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында қабылданатын заң жобаларының барлық нормаларын талқылау және пысықтау процесіне азаматтық қоғам мен сарапшыларды кеңінен тарту қажеттігін атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы парламенттік дипломатияның әлеуетін одан әрі іске асыруға қатысты бірқатар міндеттер қойды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындықты бастау туралы тапсырма берді.

 

Сондай-ақ мынаны оқыңыз: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үшінші Жолдауын ұсынды

 

 

 



Қарау саны: 2597
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!