Жыл басынан ҚР Ұлттық қорының инвест табысы

13.09.2021

Е. Досаев: 2021 жылғы 8 айда ҚР Ұлттық қорының инвестициялық табысы 2,3 млрд долларға өсті

ҚР Президентіне Ұлттық банк басшысы есебінің қорытындылары.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық қорының инвестициялық табысы 2021 жылдың 8 айында  2,3 млрд долларға дейін өсті, деп Мемлекет басшысына ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев хабарлады.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылғы 8 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде, сондай-ақ әлем экономикасының қайта қалпына келу барысында инфляциялық қатердің күшейе түскені туралы есебін тыңдады.

 

Ерболат Досаев  Президентке Үкіметпен бірлесіп бекітілген 2021 жылға инфляцияға қарсы шаралар мен оны жүзеге асырудың негізгі бағыттары, сондай-ақ биылғы инфляцияның жаңартылған болжамдары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай ақ халықтың табысы мен тұтыну деңгейінің артуына ықпал ететін Қазақстандағы экономикалық белсенділіктің арта түскені жөнінде және оның дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру барысы туралы хабардар етілді.

ҚР ҰБ Басшысы өз есебінде, алдын ала деректер бойынша  Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері биылғы 8 айда 93,7 млрд долларға дейін ұлғайғанын атап өтті. 


Кездесу қорытындылары бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның монетарлық емес факторларын төмендетуге және халықаралық нарықтардағы құбылмалылықтың арту жағдайындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге айрықша мән беруді тапсырды.

 

Сондай ақ оқыңыз: ҚР ҰЭМ басшысы Үкіметке 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы шаралар кешенін ұсынды

 



Қарау саны: 2583
Сақталған: 15.09.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!