ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені

14.09.2021

Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9,50%-ға дейін көтерді

Базалық сценарий бойынша болжамның басты алғышарты мұнай бағасы осы жылдың соңына дейін барреліне 60 доллар болып табылады.

 

ҚР Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

 

Өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 10,50%-ды, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша 8,50%-ды құрайды.  

"Шешім шығару мүмкіндіктерінен жаһандық сұраныстың алдын ала қалпына келуі кезінде азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік инфляциялық өсу үрдістерінен туындаған экономикадағы басым проинфляциялық қысыммен шартталған. Ішкі маусымаралық шоктар бұл қысымды, тұтынушылық сұранысты белсенді қалпына келтіруді, сондай-ақ электр энергиясына, газға және ЖЖМ бағасының өсуін күшейтеді. Нәтижесінде жылдық инфляция 8,7%-ға дейін өсті", - делінген хабарламада.

 

Инфляциялық фон тамыз айында 8,8%-ды құраған халықтың жоғары инфляциялық күтулерімен де күшейе түсуде.

 

COVID-19 қайта өршуі әлемдегі іскерлік белсенділікті бәсеңдетіп, проинфляциялық процестерді күшейте отырып, жаһандық жеткізілім мәселелерін ушықтырды. 

 

ХВҚ болжамдары бойынша, биыл вакцинация мен ынталандыру шаралары аясында әлемдік экономика тез қалпына келеді, содан кейін 2022 жылы баяулайды. Қазақстанның сауда серіктес елдері экономикаларының өсуі бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ЕО және Ресей бойынша жақсарды, ал Қытай бойынша аздап төмендеді. Жаһандық инфляциялық қысым азық-түлік, шикізат, металдар мен автомобильдерге бағаның өсуі аясында жоғары деңгейде қалып отыр.

 

Инфляциялық трендке үлес азық-түліктің жоғары әлемдік бағаларымен қалыптасады. Мұны 2021 жылғы тамызда ФАО азық-түлік бағалары индексінің жылдық көрінісінде 32,9%-ға өсуі дәлелдейді. Осыған орай, бүкіл әлем бойынша өндірушілер логистика, шикізат және дайын өнімнің жеткізілімдері мен жоғары бағаларының проблемалары туралы хабарлайды.

 

Осыған орай, елдердегі инфляцияның жалпы деңгейі монетарлық биліктің мақсатты бағыттарынан асып, өсуін жалғастыруда. Мәселен, АҚШ-та 2021 жылғы шілдеде инфляция 13 жыл ішіндегі ең жоғары мәнге – 5,4%-ға, Еуроаймақта - 2021 жылғы тамызда 10 жыл ішіндегі ең жоғары мәнге  3%-ға, Ресейде - 2021 жылғы тамызда 5 жыл ішіндегі ең жоғары мәнге 6,7%-ға жетті. 

 

Әлемнің ірі реттеушілерінің өкілдері активтерді сатып алу бағдарламасын ертерек қысқартудың орындылығы туралы мәлімдейді, ал дамушы елдер монетарлық жағдайларды қатаңдату циклына кірісті. Бұл ретте АҚШ ФРЖ мен ЕОБ тарапынан монетарлық ынталандырулардың қысқаруы қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың өсуіне алып келуі мүмкін.


Соның салдарынан азық-түлік инфляциясы баға өсуінің негізгі драйвері болып қала береді, ол тамыз айында 11,4%-ға жетті.


2021 жылғы сәуірден бастап инфляцияның орташа айлық мәні соңғы 20 жылдағы орташа мәннен асып түседі, бұл жаз айларына тән емес. Жылдық азық-түлік инфляциясының ағымдағы жеделдеуіне көкөністер бағасының күрт өсуі (26,1%-ға), атап айтқанда ұзақ сақталатын көкөністер (картоп 29,7%-ға, сәбіз 68,2%-ға, қызылша 124,0%-ға) айтарлықтай үлес қосты.

 

Жаңа егін түскенге дейін ішкі қорлардың сарқылуы жағдайында бұл өнімдерге бағаның ай сайынғы өсуі жазғы кезеңге тән емес рекордтық мәндерді көрсетті. Жем-шөп дақылдарының қымбаттауы салдарынан өндірушілер бағасының өсуіне байланысты ет және ет өнімдері бағасының өсуі (9,5%-ға) байқалады.


Әлемдік трендтен кейін әлемдік нарықтағы ұсыныстың қысқаруынан туындаған өсімдік майларына (күнбағыс майы 66,8%-ға, зәйтүн майы - 9,0%-ға) бағаның жедел өсуі жалғасты.

 

Азық-түлікке жатпайтын инфляция 2021 жылғы тамызда жанар-жағармай (13,1%-ға), киім мен аяқ киім (6,5%-ға) бағасының тұрақты өсуі нәтижесінде 7,3%-ға дейін жеделдеді.

 

ЖЖМ бағасының өсу факторлары өзіндік құнның өсуі және экономикалық белсенділіктің қалпына келуі болып табылады; киім мен аяқ киім бағасы импорттық тауарлар бағасының өсуі және тұтынушылық сұраныстың қалпына келуі салдарынан өседі.

Осы жылдың тамыз айында ақылы қызметтер инфляциясы 6,6%-ды құрады. Ақылы қызметтерге бағаның өсуі электр энергиясы бағасының өсуі (10,1%-ға) нәтижесінде реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуінен (6,3%-ға өсу) туындады.

 

Сондай-ақ сервистік инфляция құрылымында көлік қызметтерінің (4,1%-ға), атап айтқанда әуе көлігінің (21,3%-ға) және тұтынушылық сұранысты қалпына келтіру аясында басқа да реттелмейтін бірқатар қызметтердің қымбаттауы байқалады.

 

Экономикалық белсенділік экономиканың көптеген салаларын қалпына келтіру аясында қарқынды өсуін көрсетеді. 2021 жылдың 7 айында ЖІӨ өсімі жылдық мәнде 2,7%-ды құрады. Салалардағы сұранысты қалпына келтіру, өндірістік қуаттардың жүктемесін және өндірілген өнім көлемін ұлғайту жалғасуда.

 

Нақты сектор кәсіпорындарының агрегатталған бағасын білдіретін композитті озыңқы индикатор 2021 жылғы II тоқсанның қорытындылары бойынша 100,1-ге дейін көтерілді және Ұлттық Банктің сауалнамаларына сәйкес ағымдағы жылғы III тоқсанда 100,2-ге дейін өсуін жалғастырады.

 

Сұранысты қалпына келтіру экономиканың өсуіне айтарлықтай үлес қосуда, бұл тұтынушылық несиелеудің жедел қарқынымен қолдау көрсетілетін азық-түлікке жатпайтын тауарлар саудасының өсуі есебінен 2021 жылғы қаңтар-тамызда 6,1%-ға өскен бөлшек тауар айналымының оң динамикасымен расталады.

 

Жоғары ішкі сұраныс тұтыну тауарлары импортының ұлғаюына әсер етеді, ол 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 27,3%-ға өсті. Халықтың нақты табысының оң динамикасы сұранысқа қолдау көрсетеді. Мәселен, 2021 жылғы II тоқсанда инфляциялық процестердің одан әрі жеделдеуіне қарамастан, нақты кірістердің өсуі 1,5%-ды құрап жалғасты. Қосымша проинфляциялық қысым дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде 2021 жылы 4,55 трлн теңгеге жеткен Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемін көрсетуді жалғастыруда.

 

Жалпы әлемдік мұнай нарығын дамыту перспективалары өзгеріссіз қалды. 2021 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы дельта-штаммның таралуына және жаһандық экономикалық өсу қарқынының баяулауына байланысты 4,4%-ға төмендеді.  АҚШ-тағы мұнай қоры төмендеуді жалғастырды (тамыз айында 13,8 миллион баррель, шілдеде 13,1 миллион баррель және маусымда 26,9 миллион баррель төмендеді), бірақ өзгеріс қарқыны баяулады.

 

Халықаралық энергетикалық агенттіктің жаңартылған болжамдарына сәйкес, 2021 жылы мұнайға сұраныстың өсуі бұрын болжанғаннан төмен болады. Жыл соңына дейін мұнай нарығы салыстырмалы түрде теңдестіріледі деп күтілуде.

 

2022 жылдан бастап ОПЕК+ елдерінің ай сайын өндіруді тәулігіне 400 мың баррельге арттыру және АҚШ-та мұнай өндіруді арттыру туралы уағдаластығына байланысты мұнай ұсынысы мұнай бағасын түзету үшін алғышарттар жасай отырып, сұраныстың өсуінен асып түсетін болады. Осы үрдістерді ескере отырып, базалық сценарий бойынша болжамның басты алғышарты 2021 жылдың қалған айларында және болжамды кезеңнің соңына дейін мұнай бағасы барреліне 60 доллар болып табылады.

 

Базалық сценарий бойынша ЖІӨ-нің өсуі бойынша болжам 2021 жылдың соңына дейін болмашы төмендеу жағына қарай қайта қаралды, бұл экономиканың бұрын күтілгеннен біршама баяу қалпына келуіне байланысты.

 

2021 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,5—3,8% деңгейінде күтілуде. Нақты кірістердің орташа өсімінің қолдауымен белсенді түрде қалпына келіп жатқан тұтынушылық сұраныс негізгі драйвер болады. ЖІӨ-нің өсуі сыртқы сұраныстың және энергия ресурстарын өндіру көлемінің ұлғаюы салдарынан нақты экспортпен де қолдаулы болады.

 

Ішкі тұтынушылық белсенділіктің қалыпқа келуі және инвестициялық белсенділіктің болмашы өсуі нәтижесінде орын алар импорттың артуы ЖІӨ-нің өсуіне тежеуші әсер ететін болады.

 

2022 жылы экономиканың өсуі 4,1—4,4% деңгейінде болжануда, бұл алдыңғы бағалаудан сәл жоғары. Экономика өсімінің үдеуі пандемияның экономикалық белсенділікке әлсіреуші әсерімен және ОПЕК + шектеулерін біртіндеп әлсірету нәтижесінде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемінің артуымен қатар жүретін болады.

 

Инфляция бойынша базалық болжамды жаңарту кезінде инфляцияның монетарлық емес факторларын тұрақтандыру үшін ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Үкімет мақұлдаған Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені назарға алынды. Өз кезегінде жедел шаралар қабылдау Үкіметтің бағалауы бойынша азық-түлік инфляциясын жыл соңына қарай 8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін болады.

 

 Жылдың соңғы 4 айындағы инфляцияның тарихи динамикасын, сондай-ақ инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенін іске асыру тиімділігінің дәрежесін ескере отырып, 2021 жылы жылдық инфляция 7,5-8,5% шегінде қалыптасатын болады.

 

Базалық сценарийде инфляциялық процестер жыл соңына дейін ағымдағы динамиканы сақтайды және жыл қорытындылары бойынша инфляция болжамды диапазонның жоғарғы шегіне жақын қалыптасады. Инфляцияны болжау диапазонының төменгі шекарасы Үкіметтің инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыру шеңберінде инфляцияны төмендету әлеуетін ескере отырып айқындалған. Базалық мөлшерлеме бойынша кейінгі шешімдер, іске асырылған инфляцияға қарсы шаралардың тиімділігін бағалауды ескере отырып қабылданатын болады.

 

2022 жылы 2021 жылғы жоғары база есебінен шығу шамасына қарай инфляция 4-6% нысаналы дәліздің жоғарғы шекарасына қарай баяулай бастайды. Инфляцияның баяулауы сыртқы инфляциялық аяның жұмсаруы және ағымдағы жылы әлемдік азық-түлік бағаларының айтарлықтай өсуінен кейін күтілетін төмендеуі аясында жалғасатын болады. Бұл ретте 2022 жылы дезинфляция процестері көп жағдайда ағымдағы жылы Қазақстанда күтілетін астық жинау, жаһандық жеткізу тізбегінің қалпына келуі және 2022-2023 жылдары ішкі экономиканы фискалдық ынталандыру деңгейіне байланысты болады.

"Ұлттық Банк инфляцияға қарсы шараларды іске асырудың тиімділігін және АҚШ ФРЖ мен ЕОБ тарапынан монетарлық ынталандыруларды қысқарту тәуекелдерін бағалай отырып, дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады. Бұл шаралар ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес инфляцияны 2022 жылы 4-6% нысаналы дәлізге дейін төмендетуге ықпал ететін болады", — деп ҚР Ұлттық Банкінде қорытындылады.



Қарау саны: 2493
Сақталған: 15.09.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!