2021 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы
15.09.2021
Әсет Ерғалиев Үкіметке 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы ҚР әлеуметтік - экономикалық даму қорытындыларын ұсынды 3,5% өсе отырып, нақты сектор экономика тұрақтылығының факторы болып қалуда. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында Қазақстанның 2021 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары туралы айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. «Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында экономиканың өсімі 3% құрады. Нақты сектор экономика тұрақтылығының факторы болып қалуда. Оның өсімі 3,5%- ды құрады», — деді ҰЭМ басшысы. 2021 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қызмет көрсету саласының өсімі, өндіруші емес секторларда инвестициялардың жоғары өсімі, оң сауда теңгерімінің сақталуы байқалады.
Жоғары көрсеткіштер құрылыста – 2,5 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 81,7%, ауыл шаруашылығында – 43,2%, саудада – 39,9%, ақпарат және байланыс саласында – 37%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 16,2% және көлікте - 9% өскені байқалады.
Өңделген тауарлардың экспорты 23,4% - ға 10,4 млрд долларға дейін өсті, тауарлардың импорты 21,7 млрд долларды құрады. Осылайша, 10,4 млрд доллар деңгейінде оң сауда теңгерімі қамтамасыз етілді.
Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Өндіріс көлемі 5,8%-ға өсті. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 2,3%-ға дейін артты.
Ауыл шаруашылығының көлемі 2%-ға өсті.
Сондай-ақ инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенін жедел орындау, халықты вакцинациялау, ШОБ қызметін қалпына келтіруге белсенді түрде көмектесу және «Еңбек» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларының аясында жұмысқа орналастыру шараларын іске асыру басымдыққа ие.
Сондай-ақ оқыңыз: ҚР ҰЭМ басшысы Үкіметке 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін ұсынды
Қарау саны: 2742 |
|
|