Инвестштаб отырысын

16.09.2021

ҚР Премьер-Министрі инвестициялық штаб отырысын өткізді

ЭГТРМ, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ, облыстық әкімдіктердің инвестициялық жобаларды жүзеге  асыру барысы қаралды.

 

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ, сондай-ақ Жамбыл және Ақмола облыстарының әкімдіктері инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. 


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев экология, геология, балық, орман және су шаруашылығы салаларында негізгі капиталға тартылатын инвестициялардың 2021-2025 жылдарға арналған нысаналы көлемі-2,5 трлн теңге екенін баяндады.

Инвестициялық жобалар пулына мыналар кіреді:

 — Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Өскемен, Қарағанды және Алматы қалаларында «Waste to Energy» қоқыс жағу зауыттарын салу;

— жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту;

— сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар балық өсіру шаруашылықтарын, тоған және шарбақты балық өсіру шаруашылықтарын дамыту, Каспий теңізінде теңіз балық аулауды ұйымдастыру;

— құрама жем, артемия цисталарын қайта өңдеу және т.б. зауыттарын салу.

 

Орман қорында экологиялық туризмді дамыту мақсатында Іле-Алатау, Шарын, «Көлсай көлдері», «Алтын Емел» және басқа да мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жобалар жүзеге асырылады.

 

Су шаруашылығы саласында Жамбыл облысындағы Тасөткел магистралды каналын, Үлкен Алматы каналын, Алматы облысының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін қайта жаңарту және жаңғырту, Түркістан облысындағы Өгем өзенінде ГЭС каскады бар су тартқышты салу жоспарлануда.

 

«Бәйтерек «ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов Қазақстанның Даму Банкінің (ҚДБ) қоржынында жалпы сомасы 7,1 трлн теңгеге 61 инвестициялық жоба және 16 экспорт алдындағы операция бар екенін баяндады.

 

2021 жылдың алты айында ҚДБ жаңартылатын энергетика, автомобиль жасау, тау-кен металлургия кешені және туризм салаларында 47 млрд. теңгеге бес инвестициялық жобаны және 67,9 млрд. теңгеге 14 экспорттық операцияны қаржыландырды.

 

Банк логистика, құрылыс индустриясы, жаңартылатын энергетика, ТМК салаларындағы төрт инвестициялық жобаны, сондай-ақ 211 млрд теңге сомасына екі экспорт алдындағы операцияны қаржыландыруды мақұлдады.

 

Өнеркәсіпті дамыту қоры желісі бойынша ауыл шаруашылығы техникасын, автобус паркін, жүк вагондарын, коммуналдық және өрт техникасын жаңарту, отандық автоөндірушілерді қолдау және т. б. бойынша жалпы сомасы 45,88 млрд. теңгеге 198 жоба қаржыландырылды. 

АӨК дамыту аясында «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ еншілес құрылымдары 2021 жылдың І жартыжылдығында 282,5 млрд. теңге сомаға 14 397 қарыз берді.

 

Жыл соңына дейін 388,3 млрд. теңге көлемінде секторды қаржыландыру, 831 млн. теңгеге 373 кепілдік беру жоспарланып отыр

 

«Kazakh Invest» ҰК»  АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов «Task Force»  арнайы инвестициялық бөлімшесі АӨК, химия және тау-кен металлургия өнеркәсібі, фармацевтика, энергетика, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және логистика салаларында 12 млрд доллардан астам сомаға 57 жобаны пысықтап жатқанын баяндады.  

 

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев 2021-2025 жылдары әкімдік АӨК, химия және тау-кен металлургия өнеркәсібі, жаңартылатын энергетика, құрылыс материалдарын өндіру және т. б. салаларда жалпы сомасы 2,5 трлн. теңге болатын 107 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырғанын атап өтті. 

 

Осы жылдың 8 айында Жамбыл облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 231,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20,2% - ға артық.

 

Ағымдағы жылы негізгі капиталға 421 млрд. теңге көлемінде инвестициялар ағынын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов алдағы бес жылда әкімдік АӨК, құрылыс индустриясы, ТКМК, энергетика, машина жасау, туризм, білім беру және басқа да салаларда 1,8 трлн. теңге сомасына 330 жобадан тұратын пул қалыптастырғанын баяндады. 

В 2021 году начали реализацию 108 проектов на общую сумму 695,8. теңге.

 

Ағымдағы қаңтар-тамызда Ақмола облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 276,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10% - ға артық. Биыл барлығы 558 млрд. теңге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар ағынын қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

Үкімет басшысы барлық мемлекеттік органдарға, өңірлер әкімдіктеріне және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жүйелі негізде жалғастыруды тапсырды. 



Қарау саны: 2566
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!