ҚР Премьер-министрі
17.09.2021
Аскар Мамин Алматының инфрақұрылымдық дамуын тексеріп өттіПремьер-Министр мегаполистің селден қорғау, энергетикалық, әлеуметтік, тұрғын үй және туристік инфрақұрылымының дамыту бойынша жұмыстар барысын тексерді.Ол «Аюсай» және «Ақсай» сел ұстайтын бөгеттерінің, «Қарғалы» су тарту құрылысының салыну барысымен, сондай-ақ Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі мореналық көлдердің жай-күйімен танысты.
Сел бөгейтін «Аюсай» және «Ақсай» бөгеттерінің құрылысы Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің бір бөлігін, Алматы ГЭС каскадының объектілерін, Алматы қаласының автожолын – «Алма Арасан» санаторийін, Алматы қаласының Наурызбай ауданын сел тасқынынан инженерлік қорғауды қамтамасыз етеді. Премьер-Министр бөгеттердің құрылысын белгіленген мерзімде – «Аюсай» бөгетінің құрылысын 2022 жылғы қазанда, «Ақсай» бөгетінің құрылысын 2023 жылы аяқтауды тапсырды.
Аталған жобаларды іске асыру атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын жылына 50,4 мыңнан 6,7 мың тоннаға дейін азайту арқылы қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға, сондай-ақ станциялардың жиынтық қуатын 472 МВт-тан – 1300 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні аталды. Алматы қаласының индустриялық аймағында Асқар Мамин «Бижан ет өңдеу зауыты» ЖШС-на барды. Шұжық өнімдерін толық өндіру циклін қамтыған кәсіпорын тәулігіне 5,5 тонна өнім шығарады.
2021 жылдың 7 айында мегаполистің туризм саласына салынған инвестициялар 56,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,4 есе көп.
Премьер-Министр Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясын қайта құру жобасымен, сондай-ақ Алматы қаласындағы 350 төсек-орындық стационары бар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығының, «Жас Қанат» шағын ауданындағы жалпы ауданы 233 мың шаршы метр болатын көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Сапарға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов және т. б. қатысты. Сонымен қатар оқыңыз: ҚР Премьер-Министрі Инвестициялық штаб отырсын өткізді
Қарау саны: 2688 |
|
|