ЕЭК және ШЫҰ Хатшылығы

20.09.2021

ЕЭК және ШЫҰ Хатшылығы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Отырыс қорытындысы бойынша ұйым құрамын кеңейту бойынша шешімдер қабылданды, Душанбе декларациясына, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының теріс салдарын еңсеру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. 



Душанбеде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, — деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.

 

Құжат қаржы, сауда саясаты және сауда рәсімдерін оңайлату мәселелері, көлік, цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар, кеден саясаты, энергетика, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік ынтымақтастық және басқа да салаларға баса назар аудара отырып, экономикалық өзара әрекеттестікті көздейді.

«ЕАЭО - ШЫҰ форматындағы ынтымақтастықты дамыту Одақтың барлық мемлекеттерінің стратегиялық мүдделеріне жауап береді. Бұл әлемдік ЖІӨ-нің 30%-дан астамы (38,5 трлн доллар), әлемдік сауданың 16%-дан астамы (5,5 трлн доллар), әлем халқының 41%-дан астамы (3 млрд астам адам) тиесілі ШЫҰ-ға қатысушы елдер экономикаларының рөлін, маңыздылығын және даму қарқынын ескере отыра ерекше маңызды. Сонымен қатар, ШЫҰ-ға деген қызығушылық Үлкен Еуразиялық серіктестік идеясын жүзеге асыру аясында да артып келеді», - деп атап өтті Михаил Мясникович,

«ШЫҰ мемлекетаралық өзара әрекеттестік пен Еуразиядағы өңірлік интеграция архитектурасының маңызды құрауышы болып табылады. Бұл ретте ЕАЭО мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер еуразиялық континенттің өзегін құрайды, ал олардың өзара қарым-қатынастары көбінесе өңірдің одан әрі даму векторын айқындайды», - деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.

 

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде қол қойылған Меморандумды атап өтті. «Бұл ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АСЕАН елдерінің және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының қатысуымен Үлкен Еуразиялық серіктестік құрудың ресейлік идеясын іске асыру арнасында жүретіні сөзсіз. Мен Еуразияда дамып келе жатқан түрлі интеграциялық процестердің тоғысуы және осы үлкен өңірде ортақ кеңістікті, ашық, тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру біздің барлық елдеріміздің мүдделеріне жауап беретініне сенімдімін», — деді ол.

 

Қазақстан Президентінің айтуынша, ШЫҰ ортақ күш-жігерінің арқасында әлемдегі ең табысты және беделді өңірлік бірлестікке айналды. «ШЫҰ жауапкершілік аймағында орасан зор демографиялық, қаржылық, шикізат ресурстары, сондай-ақ қуатты технологиялық әлеует шоғырланған. Қомақты нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды, барлық деңгейлерде өзара әрекеттестіктің тиімді тетіктері жасалды. Ұйымның халықаралық байланыстары белсенді түрде кеңеюде. Үндістан мен Пәкістанның қосылуы ШЫҰ-ны күшейтіп, оның қызметіне шынайы трансеуразиялық сипат берді. Иранды толық құқылы мүшеге қабылдау рәсімін бастау туралы шешім, сондай-ақ Египет, Сауд Арабиясы және Катар диалогы бойынша серіктестер мәртебесін беру Ұйымға жаңа маңызды өлшем - таяу шығысты береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев отырыста.

 

Саммитте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди таныстырды. Сонымен қатар, Кеңес отырысына ұйымның бақылаушы мемлекеттері делегацияларының басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыста Беларусь Президенті Александр Лукашенко сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша ұйым құрамын кеңейту бойынша шешімдер қабылданды: Иран Ислам Республикасын ШЫҰ-ға толық құқылы мүше мемлекет ретінде қабылдау және Египет, Катар және Сауд Арабиясы диалогы бойынша серіктес мәртебесін беру рәсімі іске қосылады, Душанбе декларациясына, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының теріс салдарын еңсеру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылады. 

————

ЕАЭО мен ЕАЭО-ға кірмейтін ШЫҰ елдерінің тауар айналымы 2016 жылғы 93,8 млрд доллардан 2019 жылы 158,8 млрд долларға дейін дәйекті түрде ұлғайды. 2020 жылы объективті себептерге байланысты ол 8,3 млрд долларға төмендеді, бірақ 2021 жылдың қаңтар-маусымында  86,6 млрд долларды құрап, 2020 жылдың қаңтар—маусымымен салыстырғанда 23%-ға артты.

ШЫҰ-ны құру туралы декларацияға Шанхайда 2001 жылғы маусымда Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қол қойды.

 

 Қазіргі уақытта сегіз ел ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер болып табылады: Үндістан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы.

 

Төрт ел ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие: Ауғанстан Ислам Республикасы, Беларусь республикасы, Иран Ислам Республикасы, Моңғолия Республикасы. Алты ел ШЫҰ-ның диалог бойынша серіктестері болып табылады: Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Камбоджа Корольдігі, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы, Түркия Республикасы, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы.




Ұйымның 20 жылдығына арналған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің Саммиті 16-17 қыркүйекте Душанбеде өтті.



Қарау саны: 2761
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!