Асқар Мамин: Елдің астыққа деген ішкі қажеттілігі

21.09.2021

Асқар Мамин: Елдің астыққа деген ішкі қажеттілігі толығымен қамтамасыз етіледі

Астық экспорты әлеуеті 6-6,5 млн тонна мөлшерінде сақталады.

Ағымдағы жылы құрғақшылық салдарынан астық көлемі төмендегеніне қарамастан, елдің астыққа деген ішкі сұранысы толық қамтамасыз етілетін болады. Бұл ретте астық экспорты әлеуеті шамамен 6-6,5 млн тонна көлемінде сақталады, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Үкімет отырысында.

 

Үкімет мүшелері ағымдағы жылдың астық жинау жұмыстары барысын қарастырды.

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі биыл 23 млн га құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 322 мың га артық.

 

Дәнді және дәнді бұршақ дақылдары 16,1 млн га  (оның ішінде бидай - 12,9 млн га, майлы дақылдар - 3,1 млн га, көкөністер пен бақшалық және картоп - 473,8 мың га, мақта - 109,7 мың га, қант қызылшасы - 21,7 мың га, мал азықтық дақылдары - 3,2 млн га) алаңында орналасқан.

 

Әлемде астық жинау үрдісі ауа райы жағдайына байланысты күрделене түсетіні айтылды. Олар бидай өнімділігінің төмендеуіне де әсер етті: Бидай түсімі Канадада  34,5%-ға, Ресейде - 15%-ға, АҚШ -та - 7%-ға төмендейді деп күтілуде.

 

Қазақстанда астық пен майлы дақылдардың жалпы түсімін 18 млн. тонна, оның ішінде  дәнді және дәнді бұршақ дақылдары 16 млн тонна деңгейінде қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

 

Бүгінгі таңда астық жинау жұмыстарының шамамен 95% орындалды.

 

Жаңа түсімнің сапалы көрсеткіштері елеулі өсті. Дән маңызы 28% жоғары сапалы «Hi-Pro» бидайының көлемі жиналған түсім көлемнің 74% (2020 ж.-60%) жетті. Бұл сыныптағы бидай әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие.

 

Отырыста ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашукеев, Ақмола облысының әкімі - Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі - Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі - Құмар Ақсақалов баяндама жасады.

 

Үкімет басшысы форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің «Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» астық жеткізуді қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті. Облыс әкімдіктеріне және Ауыл шаруашылығы министрлігіне егін жинауды қысқа мерзімде аяқтау, 2022 жылғы егінге қажетті тұқым қалдыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өндірушілерін астықты үнемі тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шараларын қабылдау тапсырылды.

 

 



Қарау саны: 2701
Сақталған: 21.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!