ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру

28.09.2021

ЕЭК: Еуразиялық "бестіктің" газ өндіруші және газ тұтынушы елдері мүдделерінің теңгерімін сақтау маңызды

Жоғары деңгейдегі кеңесте ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың аспектілері талқыланды.

 

Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартты дайындау бойынша жоғары деңгейдегі кеңес өтті, деп хабарлайды ЕЭК баспасөз қызметі.

 

Қатысушылар ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жекелеген ережелерін реттеу жөніндегі мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, одақтың ортақ нарығында газ тасымалдау, ЕАЭО мемлекеттерінің аумағына үшінші елдерден газ тасымалдау және жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтерді белгілеу аспектілері кемсітушіліксіз негізде қаралды. Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесін құрудың орындылығы қаралды.

Кеңес 14 қазанда Минскіде жоспарланған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске дайындық аясында өтті. 

Талқылауға ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары өкілеттіктері берілген Ресейдегі Беларусьтің Төтенше және Өкілетті Елшісі Владимир Семашко, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Азиз Аалиев, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак, Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков қатысты.

 


Мемлекет басшылары кемсітпейтін, адал бәсекелестікке негізделген ортақ нарықта баға белгілеу және тарифтік саясатты қалыптастыру қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы бекітілді.

Келесі кезең 2022 жылы ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі халықаралық шартты қабылдау болады. Мұның бәрі ортақ нарықтың жалпы құқықтық жүйесін құру үшін қажет, ол 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.


ЕАЭО ортақ газ нарығының көлемін жыл сайын 20 млрд текше метрден астам бағалауға болады.
Бұл ретте еуразиялық "бестіктің" газ өндіруші және газ тұтынушы елдері мүдделерінің теңгерімін сақтау аса маңызды, деп атап өтілген хабарламада. 



Қарау саны: 2635
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!