Жеткізушілерді дамыту қызметі —
30.09.2021
Жеткізушілерді дамыту қызметі қатысушы 200 кәсіпорынның 82% бизнес-процестерді жақсартуға ықпал етті Жоба ірі тапсырыс берушілерде аккредиттеуге жәрдемдесу және сертификаттау жөніндегі шығыстарды 70% - ға дейін өтеу арқылы ШОК бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. QazIndustry-дің дүниежүзілік банкпен бірлескен жобасы отандық өнеркәсіпті қолдау құралы болды, деп хабарлады "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Берік Бекенов ОКҚ брифингінде. "Жоба ірі тапсырыс берушілерде аккредиттеуге жәрдемдесу және сертификаттау бойынша шығыстарды 70% — ға дейін өтеу арқылы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған", - деп атап өтті Берік Бекенов. Оның айтуынша, бірінші кезеңде 200 кәсіпорын қатысты, олар үшін жеке даму жоспарлары әзірленді. Нәтижесінде олардың 82%-ы өздерінің бизнес-процестерін жақсартты. Әрбір кәсіпорын ірі тапсырыс берушілерде аккредиттеу процестері шеңберінде жеке сүйемелденді, олар үшін маркетинг, сертификаттау, аккредиттеу және сапаны арттыру бойынша тренингтер өткізілді, деп атап кетті спикер. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда 43 кәсіпорын шетелдік кәсіпорындармен қатар КПО, ТШО, АрселорМиттал Теміртау, Қазмырыш, Қазақмыс, ҚазМинералс сияқты тапсырыс берушілердің деректер базасында аккредиттелген жеткізушілер мәртебесін алғанын хабарлады. 28 кәсіпорынға 123 млн теңгеге сертификаттау шығындарын өтеу бойынша қаржылық қолдау көрсетілді. Мысалы, "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" полиэтилен және полипропилен құбырларын өндірушіге Американдық мұнай және газ институтының халықаралық сертификаттауын алу бойынша шығындар өтелді. "Біздің жұмысымыздың тағы бір басты бағыты – өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын тікелей қолдау. QazIndustry өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға бағытталған қолдау шараларын ұсыну бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып табылады. Жоғарыда аталған шығындардың бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік ынталандыру шаралары отандық бизнеске шетелдік мамандарды тартуға, өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, шеф-монтаж жүргізуге, жабдықты іске қосуға, басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге, аудит жүргізуге, өнімді сертификаттауға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарға жұмсалған шығындардың 40% - на дейін өтеледі", — деді Берік Бекенов.
Жыл басынан бері жалпы сомасы 250 млн теңгеден асатын 56 өтінім бойынша шығындар өтелді. Жобалардың ең көп саны Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында. Салалар бойынша машина жасау және жеңіл өнеркәсіп жобалары көш бастап тұр.
Қарау саны: 2637 |
|
|