Премьер-Министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің

04.10.2021

Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы жөнінде кеңес өткізді

Өткен аптада бағаның 0,1 пайыздық тармаққа төмендеуі байқалады.


Премьер-Министр Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшылары мен өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп
хабарлады Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.

 

Жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсуі 9,6% - ды құрады. Өткен аптада бағаның 0,1 пайыздық тармаққа төмендеуі байқалады.

 

Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тауарлардың азық-түлік тобының жалпы инфляцияға үлесін азайтты. Сонымен қатар, ең көп өсім Батыс Қазақстан (0,3 п.т.) және Солтүстік Қазақстан (0,2 п. т.) облыстарында тіркелді.  

 

 Өндірушілерден сауда желілері мен тұрақтандыру қорларына тауарлардың ағынын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет ӘМАТ-ты онлайн-өткізуді және сатып алуды қамтамасыз ететін B2B платформасын енгізді. Бұл платформа нарық ережелері бойынша тауар өндірушілер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасында онлайн-сауда-саттық өткізуге мүмкіндік береді. Биржалық сауда қағидаты енгізілген, қатысушылар баға, сапа, жөнелту және жеткізу мерзімдері, төлем шарттары туралы келісе алады.

 

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ӘМАТ-қа бағаны төмендету туралы 68 хабарлама, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы 20 нұсқама шығарды, 8 тергеу тағайындады, монополияға қарсы комплаенстің 88 актісін жасады. Нұр-Сұлтан қаласында, Қостанай, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінен асып кеткен 35 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды.  Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне ӘМАТ-қа сауда үстемесінен асып кету фактілеріне жедел ден қою шараларын қабылдау қажеттігі туралы айтылды. 


Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне сауда желілері мен отандық тауар өндірушілер арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуды қамтамасыз етуді, "айналым" схемасын және тұрақтандыру қорларына азық-түлік сатып алуды қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің және инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндады. 

 

 



Қарау саны: 2571
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!