Премьер-Министр әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің
04.10.2021
Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы жөнінде кеңес өткіздіӨткен аптада бағаның 0,1 пайыздық тармаққа төмендеуі байқалады.
Павлодар, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тауарлардың азық-түлік тобының жалпы инфляцияға үлесін азайтты. Сонымен қатар, ең көп өсім Батыс Қазақстан (0,3 п.т.) және Солтүстік Қазақстан (0,2 п. т.) облыстарында тіркелді. Өндірушілерден сауда желілері мен тұрақтандыру қорларына тауарлардың ағынын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет ӘМАТ-ты онлайн-өткізуді және сатып алуды қамтамасыз ететін B2B платформасын енгізді. Бұл платформа нарық ережелері бойынша тауар өндірушілер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасында онлайн-сауда-саттық өткізуге мүмкіндік береді. Биржалық сауда қағидаты енгізілген, қатысушылар баға, сапа, жөнелту және жеткізу мерзімдері, төлем шарттары туралы келісе алады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ӘМАТ-қа бағаны төмендету туралы 68 хабарлама, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы 20 нұсқама шығарды, 8 тергеу тағайындады, монополияға қарсы комплаенстің 88 актісін жасады. Нұр-Сұлтан қаласында, Қостанай, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінен асып кеткен 35 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды. Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне ӘМАТ-қа сауда үстемесінен асып кету фактілеріне жедел ден қою шараларын қабылдау қажеттігі туралы айтылды.
Қарау саны: 2570 |
|
|