2030 жылға дейін зейнетақы жүйесін жаңғырту

05.10.2021

ЕХӘҚМ зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер әзірледі

2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілді зейнетақыға көшу көзделген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

Қолданыстағы Тұжырымдамада базалық зейнетақы төлемінен 2028 жылдан бастап ең төменгі кепілді зейнетақыға көшу көзделген. Сондықтан ең төменгі кепілді зейнетақыны тағайындау тетігі базалық зейнетақыны тағайындаудың қолданыстағы әдістемесіне, бірақ белгілі бір параметрлерді жетілдіре отырып негізделген.

Зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды 2019 жылы ҚР Үкіметі жанынан құрылған ұзақ мерзімді актуарлық модельдерді құру негізінде жұмыс тобы әзірледі. Бұл жұмыстың маңызды бағыты ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру болып табылады.

ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегайдың айтуынша, қазіргі кезде ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі пысықталуда, ол мыналарды көздейді:

ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) 54%— нан 70% - ға дейін ұлғайту ұсынылады;

қатысудың ең төменгі өтілін 10 жылдан 5 жылға дейін азайту;

зейнетақы мөлшерінің ең жоғары шектеуін алып тастау (қазіргі уақытта ең жоғары шектеуді 33 жыл және одан жоғары өтілі бар бір ЕТК құрайды).

Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруды, барлық азаматтарға бірыңғай көзқарасты, ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіруді, зейнеткерлік алдындағы және зейнеткерлік жастағы азаматтардың еңбек қатынастарын және жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес келеді.


"Бұл ретте Тұжырымдама зейнеткерлік жасқа толған адамдар үшін
зейнетке "кейінге қалдыру" құқығын беруді көздейді. Бұл болашақта ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны үлкен мөлшерде алуға мүмкіндік береді, өйткені зейнетақы жасына жеткеннен кейінгі еңбек кезеңдері оның мөлшерін анықтау кезінде ескерілетін болады", – деді Виктория Шегай. 

Жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыттарының бірі 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – ЖМЗЖ) енгізу болып табылады.

Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен өз жұмыскерлерінің пайдасына жұмыскердің табыстарынан міндетті 5% зейнетақы жарналарын аударатын болады.


Мемлекет басшысы    шартты-жинақтаушы құрамдауышты қалыптастырудан азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарын толықтыруға қарай, сондай-ақ міндетті зейнетақы салымдары, міндетті кәсіби зейнетақы салымдары және әлеуметтік мұқтаждықтарға пайдалану құқығын бере отырып, ЖМЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы жинақтарының бір бөлігімен әрі қарай толтыра отырып (салымшының таңдауы бойынша) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке нысаналы шоттарды енгізу бойынша ЖМЗЖ мақсатын өзгерту тәсілдерін мақұлдады

 ҚР Салық кодексінің шеңберінде жұмыс берушілерге жүктемені төмендету үшін енгізілетін ЖМЗЖ-ны шегерімге жатқызу бөлігіндегі жеңілдіктер ұсынылды.

Бүгінгі таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептеледі. Зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін және егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының жекелеген коэффициенттері енгізілді.

"Тұжырымдамаға түзетулер аясында еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қатысты өлім-жітімнің жекелеген коэффициенттерін пайдалану мәселесі қарастырылуда, оларды өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құнын есептеу кезінде қолдану жоспарланып отыр. Бұл жаңа енгізілім зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы аннуитетін ресімдеу мүмкіндігін неғұрлым қолжетімді етеді", – деп атап кетті Виктория Шегай.

Табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру деңгейін сақтау үшін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың параметрлері мен шарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Тұжырымдамада ұсынылған шаралар болашақ алушылардың зейнетақысының мөлшерін олардың еңбек өтіліне барабар қамтамасыз етуге, зейнетақы төлемдерінің "сатып алу" қабілетін және жоғалтылған табысты алмастырудың халықаралық зейнетақымен қамсыздандыру стандарттарына сәйкес келетін деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, делінген ЕХӘҚМ хабарламасында.



Қарау саны: 2631
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!