2030 жылға дейін зейнетақы жүйесін жаңғырту
05.10.2021
ЕХӘҚМ зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына түзетулер әзірледі 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілді зейнетақыға көшу көзделген.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ЕХӘҚМ баспасөз қызметі. Қолданыстағы Тұжырымдамада базалық зейнетақы төлемінен 2028 жылдан бастап ең төменгі кепілді зейнетақыға көшу көзделген. Сондықтан ең төменгі кепілді зейнетақыны тағайындау тетігі базалық зейнетақыны тағайындаудың қолданыстағы әдістемесіне, бірақ белгілі бір параметрлерді жетілдіре отырып негізделген. Зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды 2019 жылы ҚР Үкіметі жанынан құрылған ұзақ мерзімді актуарлық модельдерді құру негізінде жұмыс тобы әзірледі. Бұл жұмыстың маңызды бағыты ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіру болып табылады. ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегайдың айтуынша, қазіргі кезде ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі пысықталуда, ол мыналарды көздейді: — ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) 54%— нан 70% - ға дейін ұлғайту ұсынылады;
Жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыттарының бірі 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – ЖМЗЖ) енгізу болып табылады.
ҚР Салық кодексінің шеңберінде жұмыс берушілерге жүктемені төмендету үшін енгізілетін ЖМЗЖ-ны шегерімге жатқызу бөлігіндегі жеңілдіктер ұсынылды. "Тұжырымдамаға түзетулер аясында еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қатысты өлім-жітімнің жекелеген коэффициенттерін пайдалану мәселесі қарастырылуда, оларды өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құнын есептеу кезінде қолдану жоспарланып отыр. Бұл жаңа енгізілім зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар үшін зейнетақы аннуитетін ресімдеу мүмкіндігін неғұрлым қолжетімді етеді", – деп атап кетті Виктория Шегай. Табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру деңгейін сақтау үшін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың параметрлері мен шарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі, делінген ЕХӘҚМ хабарламасында.
Қарау саны: 2630 |
|
|