Қазақстан ТМД елдері арасында

11.10.2021

Қазақстан-тікелей шетелдік инвестициялар ағыны бойынша ТМД елдері арасында көшбасшы

Ұлттық инвестициялық стратегияда көрсетілген 5 көрсеткіштің ішінде 4 көрсеткішке қол жеткізілді.

 

Қазақстан Орталық Азияның локомотиві – ТМД елдері мен теңізге шыға алмайтын елдер арасында таза ТШИ ағынының, сондай — ақ өтпелі экономикалардың өсуі бойынша көшбасшы болып табылады",-деп атап өтті Премьер-Министр депутаттық сауалға берген жауабында.

 

Асқар Мамин Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асыру туралы айтты.

 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Стратегияда көрсетілген 5 көрсеткіштің 4-іне қол жеткізілді (2016 жылдың деңгейіне қарай):

1) экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына инвестициялар көлемі (2018 ж. – 141,9 %, 2019 ж. – 145 %, 2020 ж. – 156,4%);

2) экономиканың шикізаттық емес секторының негізгі капиталына сыртқы инвестициялардың көлемі (2018 ж. – 132,1 %, 2019 ж. – 158,5 %, 2020 ж. – 138%);

3) тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны (ТШИ) (2018 ж. – 113,6 %, 2019 ж. – 113,9%);

4) жалпы ТШИ көлемінің ЖІӨ – ге арақатынасы (2018 ж. – 17,7 %, 2019 ж. - 17,7%).

 

"Пандемиядан туындаған әлемдік дағдарыстың нәтижесінде ТШИ ағынының әлем бойынша орта есеппен 35% - ға ($500 млрд-қа) жаһандық төмендеуі орын алды. Әсіресе, дағдарыс өтпелі экономикасы бар елдерге теріс әсер етті-58% - ға төмендеді.

 

Сонымен қатар, ҚР-да жалпы ТШИ төмендеуі 30% - ды құрады.


UNCTAD-тың әлемдік инвестициялар туралы есебіне (2021 жылғы шілде) сәйкес Қазақстан Орталық Азияның локомотиві – ТМД елдері мен теңізге шыға алмайтын елдер арасында таза ТШИ ағынының, сондай —ақ өтпелі экономикалардың өсуі бойынша көшбасшы болып табылады", - деп атап өтті Министрлер Кабинетінің басшысы.

 

Үкіметте сондай-ақ таза ТШИ жаңа өндірістерді ашуға, патенттер сатып алуға, кәсіпорындардың қолданыстағы капиталын кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар есебінен қалыптасатынын хабарлады. ТШИ жалпы ағыны барлық амортизациялық аударымдарды да көрсетеді.


"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың және өңірдегі инвестициялар ағыны бойынша көшбасшылықты сақтаудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Үкімет Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияны әзірледі. Стратегия шеңберінде 5 негізгі нысаналы көрсеткіш пен оларға қол жеткізуге арналған 70 іс — шара айқындалды, олардың 50-і орындалды, 20-ы ұзақ мерзімді болып табылады және 2022 жылға қарай орындалуға жатады", - деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға жауап ретінде.



Қарау саны: 2686
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!