Қазақстан мен БҰҰ негіздемелік бағдарламаға қол қойды
13.08.2020
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған Орнықты даму мақсаттарындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен БҰҰ-ның ҚР-дағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура құжатқа қол қою рәсімін 12 тамызда өткізді.
Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы Қазақстан мен БҰҰ-ның алдағы 5 жылға арналған бірлескен қызметінің негізгі құжаты болады. Ол үш бағыт бойынша жұмысты қамтиды:
«Жаңа бағдарлама біздің одан әрі өзара іс — қимылымыздың перспективаларын одан әрі кеңейтіп, Қазақстанның тұрақты дамуын әрі қарай қамтамасыз ету және адамдардың әл-ауқатын жақсарту үшін жақсы негіз болатынына күмәнім жоқ», - деп мәлімдеді Әлихан Смайылов. Ол 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының күн тәртібін іске асыру және оның 17 мақсаты екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. БҰҰ-ның ҚР-дағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура соңғы бірнеше жылда Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ тобы осы бағытта, оның ішінде ОДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесі шеңберінде бірлескен жұмыстың үлкен көлемін жүргізгенін атап өтті. Жергілікті атқарушы органдармен және билікпен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен нәтижелі өзара іс-қимыл жолға қойылған, сондықтан БҰҰ Қазақстанға өзінің қолдауын кеңейтуде. «Бұл сәт БҰҰ-ның елдік командасы үшін тарихи оқиға болып табылады, өйткені біз Қазақстан Үкіметімен және халқымен ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Біз ынтымақтастықтың жаңа шеңберін Үкімет, азаматтық қоғам, академиялық топтар, жеке сектор, бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық қоғамдастық және БҰҰ — ны қоса алғанда, стратегиялық әріптестердің ресурстарын шоғырландыру арқылы Қазақстанда 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыруда алға жылжудың тетігі ретінде қарастырамыз», - деп мәлімдеді Н. Шимомура. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының төрағалығымен Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша құрылды. Кеңес жұмысының үйлестіруші органы Ұлттық экономика министрлігі болып табылады. Хатшылық рөлін сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атқарады.
Қарау саны: 2746 |
|
|