"2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы

22.10.2021

Сенатта "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы таныстырылды

Болжамдар бойынша, республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2022 жылы 9,2 трлн теңгені құрайды.

 

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде Ольга Перепечинаның төрағалығымен "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.


Қаржы вице-министрінің айтуынша, республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 2022 жылы – 15,9 трлн теңге, 2023 жылы – 15,6 трлн теңге, 2024 жылы-шамамен 16 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. 

Бұл заң жобасын талқылау жұмыс топтары мен Сенаттың тұрақты Комитеттерінің отырыстарында жалғасады, деп атап өтті Ольга Перепечина. 


Сондай-ақ, іс-шарада еліміздің 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы жарияланып, Ұлттық қордан келесі үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қаралды. 2022 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 3,9% деңгейінде болжанатыны, ал 2026 жылы ол 5,2% - ға жететіні атап өтілді. 


Трансферттерді есепке алмағанда, республикалық бюджеттің кірістері 2022 жылы болжамдар бойынша 9,2 трлн теңгені, 2023 жылы - 9,7 трлн теңгені, 2024 жылы - 10,4 трлн теңгені құрайды. 


Ұлттық экономика вице-министрі атап өткендей, кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы — 2,4 трлн теңге, 2023 жылы — 2,2 трлн теңге және 2024 жылы-2,0 трлн теңге мөлшерінде анықтау ұсынылады. 

Сонымен қатар, сенаторлар ҚР ақша-кредит саясаты туралы баяндаманы тыңдады. 


Заң жобаларын талқылау барысында мемлекеттік органдардың өкілдері сенаторлардың ұлттық жобаларды қаржыландыруға, инфляцияға қарсы шаралар қабылдауға, субсидиялаудың бюджеттік бағдарламаларын бағалау әдістемесін әзірлеуге және т.б. қатысты сұрақтарына жауап берді.





Қарау саны: 2700
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!