2026 жылға дейін 3,8 миллиард долларды

29.10.2021

Президент Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады

ЕАДБ сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында экономикалық өсудің ең жоғары серпіні күтілуде.

 

Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасымен кездесу барысында Мемлекет басшысына банктің жұмыс нәтижелері мен орта мерзімді жоспарлары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған макроэкономикалық болжамдар туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Банк сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстанда ЕАЭО елдері арасында экономикалық өсудің ең жоғары серпіні күтілуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттарымен танысты. Атап айтқанда, Николай Подгузов Президентке ҚР мен ЕАЭО-ның басқа да мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған негізгі мегажобалар туралы айтып берді.

Банк "Солтүстік – Оңтүстік", "Еуропа ― Батыс Қытай" көлік дәліздерін қалыптастыруға, бірыңғай тауар өткізу желісін құруға және Орталық Азияның су-энергетикалық кешенін жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге ниетті. Осы жобаларға ЕАДБ инвестицияларының жиынтық көлемі 1,2 млрд доллар деңгейінде жоспарланып отыр. Жалпы банк 2026 жылға дейін Қазақстан экономикасына кемінде 3,8 млрд доллар инвестиция салуға ниетті.

ЕАДБ-ның интеграциялық процестерді дамытудағы белсенді рөлін атап өткен Мемлекет басшысы Қазақстан мен бүкіл ЕАЭО үшін белгіленген жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. 

————

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолымен қатысушы мемлекеттердің экономикалық өсуіне, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестерді дамытуға жәрдемдесуге арналған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады.

Банк 2006 жылғы 12 қаңтарда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының уәкілетті өкілдері қол қойған мемлекетаралық келісім негізінде құрылды. Банк құру бастамасы Ресей мен Қазақстан Президенттеріне тиесілі. 



Қарау саны: 2537
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!