Әсет Ерғалиев Қостанай облысында "Ауыл - Ел бесігі" жобаларының іске
01.11.2021
Әсет Ерғалиев Қостанай облысында "Ауыл - Ел бесігі" жобаларының іске асырылу сапасын бағалады
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әсет Ерғалиев Қостанай облысындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарда "Ауыл - Ел бесігі" жобасының іске асырылуын тексерді, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі. Қамысты ауданы Қамысты ауылындағы алғашқы нысан "Юность" стадионы болды, ол "Ауыл — Ел бесігі" аясында қайта жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда стадион 2500 орынға есептелген, барлық нормалар мен стандарттарға жауап береді. Осы ауылда министр аудандық аурухананың күрделі жөндеуін қарап шықты. Алтынсарин ауылында Ұлттық экономика министрлігінің басшысы газ тарату желілері құрылысының барысымен, сондай-ақ "Алтынсарино" ЖШС "PETKUS" астықты тазалау және сұрыптау бойынша тұқым желісінің құрылысымен және құрастырылуымен танысты. Аталған кәсіпорынды 2022 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұқымның жобалық қуаты-сағатына 20 тонна, тауарлық астық-сағатына 50 тонна. Сондай-ақ, министр Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентіндегі дәрігерлік амбулаторияда болды. Медициналық мекеме соңғы 35 жыл ішінде тек косметикалық жөндеумен ғана жаңартылды. "Ауыл — Ел бесігі" жобасы бойынша күрделі жөндеу барысында ғимараттың шатыры, қасбеті, іргелес аумағы және ішкі әрлеуі жаңартылды. Жұмыс сапарының екінші күні Қостанай ауданы Шеминов ауылының газ тарату желілері мен сумен жабдықтау құрылысының барысымен танысып, ведомство басшысы Озерное ауылына барды. Онда "Карл Маркс атындағы" ЖШС спорт кешеніе және мәдениет үйіне барды.
Қостанай облысында 520 ауылда 348 мың адам тұрады. Оның ішінде даму әлеуеті бар 258 ауыл, оның ішінде 86 тірек және 172 серіктес ауыл (277 мыңнан астам халқы бар).
2022 жылы Қостанай облысында 19 ауылда 3 млрд теңгенің 38 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. ———— "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес басталды. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша аудандар, қалалар, облыстар бөлінісінде аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламалары үшін жақсы іргетас болып табылады.
Қарау саны: 2445 |
|
|