Кәсіпкерліктің жаңа реттеушілік саясаты туралы заң жобасы

03.11.2021

Мәжіліс депутаттары кәсіпкерліктің жаңа реттеушілік саясаты туралы Заң жобасын І оқылымда мақұлдады

Заң жобасы бойынша мемлекеттік бақылаудың жаңа нысандары тексерулерден профилактикалық іс-шараларға көшуді қамтитын болады.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

"Таза парақтан" реттеудің екі тәсілі мемлекет пен бизнестің өзара іс — қимылының базалық қағидаттарын жетілдіруді, "1 in 2 out" қағидатын енгізуді, міндетті талаптар тізілімін, бизнес есептілігін цифрландыруды және мемлекеттік бақылауды жетілдіруді көздейді", - деді Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрлігінің басшысы

Ол сондай-ақ бизнеске қойылатын артық және тиімсіз талаптардың өсуін болдырмау үшін талаптарды белгілеу шарттары заңнамалық түрде айқындалатынын атап өтті. "1 in 2 out" қағидатын енгізу мемлекет жаңа талапты енгізген кезде құқықтық реттеудің сол саласында қолданылатын екі талаптың күші жойылады деп болжайды.

Бұдан басқа, нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) және өзге де құжаттар түрінде бизнеске арналған барлық талаптардың тізбесін қамтитын бірыңғай ақпараттық ресурс болатын Міндетті талаптар тізілімі жасалатын болады. Тізілімде НҚА-ның жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігін қарау мерзімдері айқындалатын болады. Сәйкес келмеген жағдайда құқықтық актілер қайта қаралады немесе жойылады. Осылайша, Тізілім бизнес-ортаға теріс әсер ететін талаптарға қатысты "реттеуші гильотина" әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, тек электрондық нысанда есеп беру, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілерін іріктеу кезінде тәуекелдерді бағалау мен басқаруды автоматтандыру туралы талап заңнамалық түрде бекітіледі.

Заң жобасы мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалауды көздейді. Мемлекеттік бақылаудың жаңа нысандары тексерулерден профилактикалық іс-шараларға көшуді қамтитын болады.


"Кәсіпкерлік қызметті реттеудегі жаңа тәсілдерді іске асыру бизнеске жүктемені түбегейлі азайтуға және жаңа экономикалық шындық жағдайында іскерлік белсенділікті дамытуға серпін беруге мүмкіндік береді", — деп түйіндеді министр.



Қарау саны: 2499
Сақталған: 04.11.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!