2025 жылға дейінгі үш ұлттық жобаны

08.11.2021

Әсет Ерғалиев ОКҚ-да 2025 жылға дейінгі үш ұлттық жобаны таныстырды

Ұлттық жобаларды тиімді іске асыру 5% - дан төмен емес деңгейде орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әсет Ерғалиев Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп жатқан үш ұлттық жобаны таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Ұлттық экономика министрлігі үш ұлттық жобаны әзірледі:"Қазақстандықтардың әл – ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу","Кәсіпкерлікті дамыту бойынша", сондай — ақ "Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері", - деді ҚР ҰЭМ басшысы.

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу" ұлттық жобасы индустриялық-инновациялық дамуды, мұнай-газ-химия және энергетика кешендерін, геология саласын дамытуды және шикізаттық емес экспортты ілгерілетуді қамтиды.


Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн теңгені
құрайды: республикалық бюджеттен — 402 млрд теңге, жеке инвестициялар-15,5 трлн теңге.

Ұлттық жоба өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске қосуды көздейді. Бұдан басқа, осы ұлттық жоба аясында сыртқы нарықтарға мыңдаған белсенді экспорттаушыларды шығару, сондай-ақ 350 экспорттаушыны Alibaba, Amazon және OZON электрондық сауда платформаларына шығару жоспарлануда. 2025 жылға қарай бес мұнай-газ химиясы зауытын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі" ұлттық жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге және жаңа тауашаларды қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған.


Қаржыландырудың жалпы көлемі 8,5 трлн теңгені
құрайды, оның ішінде республикалық бюджетте шамамен триллион теңге, жергілікті бюджеттерде — 125 млрд теңге, жеке инвестицияларды тарту — 7,3 трлн теңге көзделген.

Экономикалық ведомство басшысының айтуынша, жоба аясында ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жоспарланып отыр. "Бастау Бизнес" аясында жеке ісін ашқан кәсіпкерлер саны 1,7 есеге өседі. Сондай-ақ, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 2025 жылға қарай 55-тен 80% - ға дейін артады, ал қаржылық қолдау шаралары кәсіпкерлік субъектілерінің 52 мың жобасына ұсынылатын болады.

Базалық қызметтерге тең қолжетімділікті және елдің көліктік байланысын қамтамасыз ету үшін "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасын іске асыру көзделеді. 

Қаржыландырудың жалпы көлемі 7,6 трлн теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджетте 4 трлн теңге, жергілікті бюджеттерде 786 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 2,8 трлн теңге жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Ұлттық жоба арқылы тұрғын үй құрылысына 13,5 трлн теңге инвестиция тарту, 16 мың км сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу, екінші жолдарды салу және "Достық—Мойынты" учаскесін электрлендіру және "Түркістан—Шымкент – Ташкент"жоғары жылдамдықты магистралін салу есебінен Қытай—Еуропа—Қытай қатынасының өткізу қабілетін бес есеге ұлғайту жоспарлануда.

"Ұлттық жобаларды тиімді іске асыру тұрақты экономикалық өсімді 5% — дан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге, халықтың табысын 27% - ға арттыруға және бүкіл ел бойынша 450 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингінде инфрақұрылым сапасы бойынша ұстанымын 40-орынға дейін жақсартуға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді Әсет Ерғалиев.



Қарау саны: 2550
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!