ҚР ҰБ: БЖЗҚ портфелін әртараптандыру есебінен

09.11.2021

Президент ҚР Ұлттық Банк төрағасының есебін тыңдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың биылғы 10 айдағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары, инфляциялық қысымның және әлемдегі азық-түлік бағасының өсуінің жалғасуы туралы есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ҚР ҰБ басшысы инфляцияны тұрақтандыру және дамыған елдердің ынталандырудан бейтарап ақша-кредит саясатына көшуіне байланысты дамушы нарықтардан капиталдың кету тәуекелі бойынша ХВҚ болжамдарын айтты.

Президентке инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенін Үкіметпен бірлесіп іске асыру – оның тапсырмасының орындалу барысы, азық-түлік бағалары өсуінің шамалы төмендеуі аясында қазан айында жылдық инфляцияның 8,9% деңгейінде сақталуы туралы баяндалды.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысына сауда балансын жақсарту аясында тапшылықты 3 млрд доллар деңгейіне дейін төмендетумен қалыптасқан ағымдағы жылдың 9 айындағы төлем балансының алдын ала бағалауын ұсынды. Тұтыну импортының өсуі төлем балансының одан әрі жақсаруын тежейді.

ҚР ҰБ төрағасы алтын бағасының өсуі және Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің жыл басынан бастап 2 млрд долларға (3,44%) дейін қалпына келуі есебінен елдің алтын-валюта резервтерінің өсуі туралы хабардар етті.

Ұлттық Банктің деректері бойынша зейнетақы активтерінің өсуі және БЖЗҚ портфелін әртараптандыру есебінен инвестициялық табыстың ұлғаюы атап өтілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық төлем жүйесін пилоттық режимде іске қосуға дайындық туралы да хабарланды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.



Қарау саны: 2549
Сақталған: 28.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!