"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқару кеңесінің отырысын
12.11.2021
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Даму стратегиясы мақұлданды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі отырыста "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің Қордың ағымдағы жылдың тоғыз айындағы қызметінің қорытындылары, оның негізгі стратегиялық мақсаттары мен негізгі даму басымдықтары туралы баяндамасы тыңдалды, деп хабарлады elbasy.kz. сайты.
Кеңес мүшелері сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның төмен көміртекті дамуға көшу жөніндегі тұжырымдамалық тәсілдерін назарға алды. Сонымен қатар, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік арасындағы ақылға қонымды тепе-теңдікті сақтау қажеттілігі атап өтілді. Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ұсынған 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарын қолдады. Сонымен қатар, Елбасы ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру және экспорт үлесін арттыру мақсатында заманауи өндірістер құру арқылы энергия жеткізу тізбегінің тұрақтылығын арттырудың, жергілікті қамтуды дамытудың, экономиканы әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның жетекші шетелдік тәуелсіз әл-ауқат қорларымен ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерімен қарым-қатынастар дамуының жоғары қарқынын атап өтіп, олардың бірегей тәжірибесі мен ҚР экономикасы үшін оны жаңғырту жолында аса маңызды инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтті. "Халықаралық ынтымақтастық аясында күш-жігерді біріктіру экономиканы тиімді әртараптандыруға ықпал ете отырып, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның белгіленген қайта құруларын жеделдетеді. Осылайша, Қордың басты міндеті жаңа Даму стратегиясында көрсетілген мақсаттарды іске асыру болып табылады", — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Отырыс барысында сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ және "Қазақтелеком" АҚ басшылығының таяу жылдардағы ағымдағы жағдай мен даму болжамдары туралы есептері тыңдалды.
Қарау саны: 2492 |
|
|