Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы
19.11.2021
Әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға 2,4 трлн кепілдендірілген трансфертті 2022 жылға анықтау жоспарлануда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары "ҚР Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.
Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы әзірленді. Тартылатын қаражат республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақылар мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін төлеуге бағытталатын болады. Сенаторлар заң жобасының негізгі нормаларын қолдай отырып, қаражаттың бір бөлігін нақты өңірлік проблемаларды шешуге бағыттауды ұсынды және "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарды. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды сенат депутаттары өзгеріссіз қабылдады.
Қарау саны: 2557 |
|
|