Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы

19.11.2021

Әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға 2,4 трлн кепілдендірілген трансфертті 2022 жылға анықтау жоспарлануда

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары "ҚР Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.

 

"Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы – 2,4 трлн теңге, 2023 жылы – 2,2 трлн теңге және 2024 жылы — 2 трлн теңге мөлшерінде анықтап, әлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылады", - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Сенаттың жалпы отырысында.

 

Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы әзірленді.

 

Тартылатын қаражат республикалық бюджеттен ынтымақты зейнетақылар мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін төлеуге бағытталатын болады.

 

Сенаторлар заң жобасының негізгі нормаларын қолдай отырып, қаражаттың бір бөлігін нақты өңірлік проблемаларды шешуге бағыттауды ұсынды және "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

 

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды сенат депутаттары өзгеріссіз қабылдады.

 



Қарау саны: 2645
Сақталған: 25.03.2025





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!