Ұлттық қордан трансферт туралы заңға
02.12.2021
30 қарашада Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Аталған заң жобасын Парламент 18 қарашада қабылдады.
Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұдан бұрын Мәжілісте заң жобасының таныстырылымында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022 жылы Ұлттық қордан 550 млрд теңге мөлшерінде нысаналы трансферт тарту көзделіп отырғанын, одан әрі оны 2023-2024 жылдары жыл сайын 400 млрд теңгеге дейін қысқарту көзделгенін хабарлады.
Қарау саны: 2406 |
|
|