"Ауыл-Ел бесігі" жобасының аралық қорытындысын
20.10.2021
ҰЭМ – де "Ауыл-Ел бесігі" жобасын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ауылдық аумақтарды дамыту және "Ауыл—Ел бесігі" жобасын іске асыру туралы айтып берді. Ағымдағы жылы бағдарламалар аясында (Ауыл – ел бесігі, ЖҚЖК, Нұрлы жер, Нұрлы жол, Дипломмен ауылға және т.б.) 566 млрд теңгеге 6,5 мың жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 2,5 мың км инженерлік желілер және 5 мың км кентішілік жолдар жаңғыртылатын болады. 632 мектеп пен балабақша, 70 денсаулық сақтау нысаны, 300 мәдениет үйі, клубтар мен кітапханалар, 96 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен спорт залдары салынады және жөнделеді. Қостанай облысының Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Павлодар облысының Қызылжар ауылында ауысымына 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қызылорда облысында Жалағаш ауылындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл облысында Айша-бибі ауылындағы мектеп күрделі жөндеуден өтті. ҰЭМ басшысы хабарлағандай, 2019-2021 жылдары мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бағытталды. Алдағы 4 жыл ішінде 1,3 трлн теңге, оның ішінде "Ауыл – Ел бесігі" аясында 670 млрд теңге бөлінеді.
Қарау саны: 2456 |
|
|