Бес жыл ішіндегі ЕАЭО статистикасы
07.12.2021
Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың статистикалық жылнамасын жариялады, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметі. Бұл жылнамада ЕАЭО мемлекеттерінің 2016-2020 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары бойынша, оның ішінде, халық, оның жұмыспен қамтылуы, өмір деңгейі, білімі, бағалар, жалпы ішкі өнім, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі, инвестициялар, құрылыс, көлік және байланыс, тұтыну нарығы, тауарлармен сыртқы және өзара сауда, қаржы нарығының субъектілері, төлем теңгерімі, мемлекеттік қаржы және ақша-кредит жүйесі туралы деректер көрсетіледі. ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 2020 жылы 1 738,1 млрд долларға жетті және 2015 жылмен салыстырғанда 4,7% - ға ұлғайды.
ЕАЭО-дағы тауарлардың өзара саудасы 55 млрд долларды құрады және 2016 жылдан бастап 20,7% - ға ұлғайды. ЕАЭО-дан тыс елдермен сыртқы сауда шамамен 625 млрд долларды құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 7,8% - ға өсті. ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік өндіріс 1 090,5 млрд долларға жетті және бес жыл ішінде 11% - ға ұлғайды. Егжей-тегжейлі статистика ЕЭК Статистика департаментінің Статистикалық жылнамасында ұсынылған.
Қарау саны: 2439 |
|
|