Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын
08.12.2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы реформаларды жүзеге асыру туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баяндады. Ол Әлеуметтік кодексті әзірлеу және зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы айтып берді. Бұл мәселе бойынша Президенттің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти өз пікірін білдірді. "Менің ойымша, Үкімет қабылдаған шаралар жеткілікті болды. Біз пандемияның барлық сабақтарын үйреніп, өзіміздің әлеуметтік саясатымызды жаңа болмысқа жүйелі түрде бейімдеуіміз керек. Ұсынылған мақсаттар мен міндеттерді қолдай отырып, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс жаңа "қоғамдық шарттың" негізгі элементі болуға тиіс екенін атап өткім келеді. Оның мәні мемлекет жаңартылған әлеуметтік міндеттемелердің кепілді орындалуын өзіне алады. Алайда, өз тарапынан барлық қазақстандықтар өз болашағы туралы ойлана бастауы, өздеріне жауапкершілік пен міндеттемелер алуы тиіс. Әлеуметтік жаңғыртудың барлық құралдары азаматтар мен бизнес үшін пәрменді, түсінікті болуға тиіс" ,- деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти мен Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Тиімді макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитеттің банк секторы мен бағалы қағаздар нарығын дамыту туралы есебін ұсынды. Ұлттық қор мен БЖЗҚ басқару стратегиясының тиімділігін арттыру туралы Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев баяндады. Активтерді басқару стратегиясын одан әрі жетілдіру үшін мынадай шаралар ұсынылды: жаңа стратегиялық аллокацияға көшуді аяқтау, инвестициялық процеске ESG факторларын енгізу, акциялар портфелін хеджирлеу, сондай-ақ активтерді басқару процестерін цифрландыруды қамтамасыз ету.
Қарау саны: 2537 |
|
|