Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен

13.12.2021

Қазақстан Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен биыл Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) бейнеконференция байланыс режиміндегі қорытынды отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында Елбасы Жоғары Кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйледі. Бұдан басқа, ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттердің басшылары Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйледі.

Іс-шараны Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, модератор болды. Өз сөзінде ол сыртқы факторлар мен карантиндік шектеулерге қарамастан, Одақ шеңберіндегі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу серпінін қанағаттанушылықпен атап өтті.

"Ағымдағы жылдың 9 айында өзара сауда көлемі 32,5% - ға өсіп, 52 млрд долларға жетті. Бұл ковидқа дейінгі кезеңнің көрсеткішінен 16,5% - ға артық. Одақ елдері арасындағы экспорт көлемі өсті. Мысалы, Қазақстанның экспорт көлемінің өсуі 39% - ды құрады. Салыстырмалы цифрларда ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердің де экспорты өсті", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Одаққа төрағалық ету кезіндегі бірлескен жұмыстың бес бағыты: өнеркәсіптік кооперацияны күшейту, өзара саудадағы кедергілерді жою, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, сондай-ақ үшінші елдермен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту туралы еске салды.

"Біз бұл бір күндік жұмыс емес екенін түсінеміз. Алайда, бүгінде олардың кейбіреулерінің сәтті жүзеге асырылуын атап өтуге болады", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның төрағалығы барысындағы бірлескен жұмыс нәтижелеріне тоқталып, атқарылған жұмыс үшін ЕАЭО үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссияға алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жаңа сын-тегеуріндер жағдайында ерекше назар аударуды талап ететін бірқатар ұсыныстар айтты.

Атап айтқанда, Президент цифрлық өнімдер мен электрондық қызметтерге бұрын-соңды болмаған сұранысқа назар аударды. Оның пікірінше, бүгінде машина жасаудың әлемдік нарығында микрочиптер мен компьютерлік элементтердің болмауына байланысты жүйелік ақаулар байқалуда.

"Осыған байланысты біздің Үкіметтерімізге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен машина жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік элементтерді өндіру жөніндегі бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру мәселесін пысықтауды тапсыру ұсынылады. Біздің кәсіпорындарымыздың қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға, ал одан әрі экспортты жолға қоюға мүмкіндік беретін өндірістік база құру талап етіледі", – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев құрлықтағы тасымалдауды дамыту, "жүрдек" трансқұрлықтық дәліздерді жолға қою, олардың өңірлік және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету өзекті деп санайды. Осы тұрғыда ол ЕАЭО-ның тауар өткізу желісін құруға қатысты біздің еліміздің бастамасы туралы еске салды.

"Қазақстан соңғы екі жыл бойы Көтерме-тарату орталықтарының ұлттық желісін құру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Біз Одаққа мүше елдердің тауар өткізу жүйелерін құруға және интеграциялауға белсенді қатысуға дайынбыз", - деді ол.

Мемлекет басшысы кедергілерді, шектеулер мен алып қоюларды дәйекті түрде қысқартуды тағы да қолдады. Осы жылдың ақпан айында Коллегия Кедергілерді бөлу әдістемесін бекітті. Енді кедергілерді қарау және саралау процесі бизнес үшін қолжетімді нысанда және қолайлы мерзімде регламенттелген. Президент шағын және орта кәсіпорындарды еуразиялық интеграция мен сауда процесіне кедергісіз тартуды жалғастыруға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының тиімділігі мен оның қатысушы елдермен өзара іс-қимылына жеке блок арналды. Баяндамада атап өтілгендей, бес елдің мүдделері тоғысында бірыңғай және біртұтас экономикалық саясатты қалыптастыру – айтарлықтай көп еңбекті талап ететін және күрделі жұмыс.

"Биылдан бастап біз Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясын іске асыруға кірістік. Біздің Стратегия ережелерін қатаң ұстанып, Одақтың қолданыстағы құқығы шеңберінен шықпағанымыз жөн деп санаймын. Біздің жұмысымыз бен Одақтың қызметі тұтастай алғанда сыртқы әріптестер тарапынан айтарлықтай қызығушылық тудыратынын есте сақтау маңызды. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өз сөзін қорытындылай келе, өзара сыйластық, сындарлы диалогты сақтауға берік бейілділік Одақ шеңберіндегі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың берік негізі болып табылатынын атап өтті.

Еуразиялық экономикалық Одақ органдарындағы төрағалық 2022 жылы Қырғыз Республикасына өтеді. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровты құттықтап, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде табыс тіледі.

Отырыс соңында кеңейтілген форматта ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көшбасшылары шағын құрамда талқылауды жалғастырды.

 

Іс-шараның қорытындысы бойынша одаққа мүше мемлекеттердің басшылары ЕАЭО кеңістігінде интеграциялық процестерді одан әрі нығайтуға бағытталған 20 құжат қабылдады.

 

Шешімдер:

  1. Навигациялық пломбадағы ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы.
  2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 16 шешімінің орындалу барысы туралы.
  3. Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары туралы.
  4. Еуразиялық экономикалық Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттің мәртебесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы.
  5. Құрылыс саласындағы қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы.
  6. Қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асыру шарттарына жалпы тәсілдер туралы.
  7. Еуразиялық экономикалық одақтың 2021 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебі туралы.
  8. Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға арналған бюджеті туралы.
  9. Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінген кезде шаруашылық жүргізуші субъектілер төлейтін баж мөлшерін бекіту туралы.
  10. Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету туралы.
  11. Қырғыз Республикасында мемлекеттік басқару секторы борышының деңгейін төмендетуге бағытталған бірлескен шаралар туралы.

 

Өкімдер:

  1. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы.
  2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы.

 

Тапсырмалар:

1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 "Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары туралы" шешімінің орындалу барысы туралы.

2. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясы енгізген ағаш материалдарын әкетуге шектеулер туралы.

 

Халықаралық шарттар:

  1. Тасымалдарды қадағалау үшін Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім.
  2. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ("II үлкен хаттама").
  3. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісім.
  4. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасымалдау) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктері туралы келісім.
  5. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін Қырғыз Республикасының қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттама. 

 



Қарау саны: 2570
Сақталған: 13.12.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!