Энергетика саласын дамыту мәселелері
22.12.2021
Үкімет отырысында қаралды ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның энергетика саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі. "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы шеңберінде энергетика және мұнай-газ химиясы салаларын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Елді газдандыру бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылы шамамен 52 млрд теңге сомаға 140-тан астам жоба іске асырылды, 1,8 мыңға жуық желі салынды. Халықтың газбен қамтамасыз етілуі бүгінгі таңда 10 млн-нан астам адамды (55,4%) құрайды. Бүгінгі таңда елдің негізгі энергия өндірісі көмір генерациясы есебінен жүзеге асырылуда (70%). Жаңартылатын энергия көздерінің 134 объектісінен электр энергиясын өндіру 3,3% - ды құрайды, генерацияның жалпы көлеміндегі оның үлесін 2030 жылы 15% - ға дейін арттыру жоспарлануда.
Премьер-Министр жыл соңына дейін отын — энергетикалық кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасын қабылдауды, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселелері бойынша кешенді шешім әзірлеуді қамтамасыз етуді тапсырды. Үкімет басшысы жаңа электр станцияларын жаңғырту мен салуды қаржыландыру тетіктерін әзірлеуге, мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге және "жасыл энергетиканы" дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруға тапсырма берді. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.
Қарау саны: 2122 |
|
|