Энергетика саласын дамыту мәселелері

22.12.2021

Үкімет отырысында қаралды ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның энергетика саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.

 

"Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу" ұлттық жобасы шеңберінде энергетика және мұнай-газ химиясы салаларын дамытуға үлкен көңіл бөлінді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша елімізде мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны
құрайды. Саланы одан әрі дамыту үшін бүгінде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында капиталды қажет ететін жобалар іске асырылуда, жақын арада Қаламқас теңіз және Хазар теңіз жобаларын әзірлеу жоспарлануда. Бұл жобалардың жалпы құны 51 млрд доллардан асады.

 

Елді газдандыру бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылы шамамен 52 млрд теңге сомаға 140-тан астам жоба іске асырылды, 1,8 мыңға жуық желі салынды. Халықтың газбен қамтамасыз етілуі бүгінгі таңда 10 млн-нан астам адамды (55,4%) құрайды. 

Экономиканы жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі мұнай-газ химиясын дамыту болып табылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 190 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта салада жалпы сомасы 11 млрд доллардан астам полипропилен, полиэтилен және бутадиен өндіру бойынша ірі жобалар іске асырылуда. 

 

Бүгінгі таңда елдің негізгі энергия өндірісі көмір генерациясы есебінен жүзеге асырылуда (70%). Жаңартылатын энергия көздерінің 134 объектісінен электр энергиясын өндіру 3,3% - ды құрайды, генерацияның жалпы көлеміндегі оның үлесін 2030 жылы 15% - ға дейін арттыру жоспарлануда. 

 

"Қазақстанның энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жедел жаңғырту және отын-энергетикалық кешеннің жаңа қуаттарын салу қажет", — деді А. Мамин


Премьер-Министр жыл соңына дейін отын — энергетикалық кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасын қабылдауды, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру мәселелері бойынша кешенді шешім әзірлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Үкімет басшысы жаңа электр станцияларын жаңғырту мен салуды қаржыландыру тетіктерін әзірлеуге, мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге және "жасыл энергетиканы" дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруға тапсырма берді.

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндама жасады.

 



Қарау саны: 2121
Сақталған: 22.12.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!