ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен
23.12.2021
2021 жылдың қорытындысы бойынша Ұлт жоспарының 100 қадамынан 76 қадам жүзеге асырылды Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. "ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н. Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт Жоспарын орындау бойынша 2021 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылды. Бүгінде Ұлт жоспарының 100 қадамынан 76 қадам іске асырылды: "Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру" бағыты бойынша - 15-тен 13 қадам, "Заң үстемдігін қамтамасыз ету" - барлық 19 қадам, "Индустрияландыру және экономикалық өсу" - 50-ден 31 қадам, "Ұқсастық және біртұтастық" - 6-дан 3 қадам, "Есеп беретін мемлекеттік қалыптастыру" - барлық 10 қадам.
Отырыста геология және жер қойнауын пайдалану, медицина және фармацевтика, энергетика, цифрландыру және т. б. салалардағы Ұлт жоспарының келесі жылғы қадамдарын іске асыруды көздейтін Ұлттық комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және т. б. баяндады.
Қарау саны: 2206 |
|
|