Кәсіпкерліктің жаңа реттеушілік саясаты туралы заң жобасы
24.12.2021
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР Парламенті Сенатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ұсынды. Сенат депутаттары аталған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі.
Ол сондай-ақ бизнеске қойылатын артық және тиімсіз талаптардың өсуін болдырмау үшін талаптарды белгілеу шарттары заңнамалық түрде айқындалатынын айтты. "1 in 2 out" қағидатын енгізу мемлекет жаңа талапты енгізген кезде құқықтық реттеудің сол саласында қолданылатын екі талаптың күші жойылады деп болжайды. Бұдан басқа, нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) және өзге де құжаттар түрінде бизнеске арналған барлық талаптардың тізбесін қамтитын бірыңғай ақпараттық ресурс болатын Міндетті талаптар тізілімі жасалатын болады. Тізілімде НҚА-ның жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігін қарау мерзімдері айқындалатын болады. Сәйкес келмеген жағдайда құқықтық актілер қайта қаралады немесе жойылады. "Заң жүзінде есептілікті ұсынуды талап етуге тыйым салынады, олар бойынша оларды беруді автоматтандыру қамтамасыз етілмейді. Нәтижесінде, мемлекеттік орган, егер ол баламалы – электрондық нысанда есеп беру мүмкіндігін жасамаса, қағаз нысанда есеп беруді талап ете алмайды", - деп толықтырды министр. Заң жобасында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалау көзделеді. Мемлекеттік бақылаудың жаңа нысандары тексерулерден профилактикалық іс-шараларға көшуді қамтитын болады. Жоба сондай — ақ ішкі істер органдарын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруге байланысты функцияларды; Денсаулық сақтау министрлігіне қылмыстық-атқарушы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді; пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі функцияларды беру арқылы бейінді емес функциялардан босатуды көздейді.
Қарау саны: 2130 |
|
|