Еркін сауда аймағы:
27.12.2021
ҚР Сауда және интеграция министрлігінде 2021 жылдың қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Еуразиялық экономикалық одақ құрылған сәттен бастап Вьетнаммен (2016 жылғы 5 қазанда күшіне енді) және Сербиямен (2021 жылғы 10 шілдеде күшіне енді) еркін сауда туралы бірқатар келісімдер, сондай-ақ Иранмен (2019 жылғы 27 қазанда күшіне енді) уақытша келісім (үш жылға) жасалды. Сингапурмен келісімге қол қойылды, бірақ әлі күшіне енген жоқ (2019 жылғы 1 қазанда қол қойылды). Сондай-ақ, бүгінде Египетпен еркін сауда туралы келісім жасасу бойынша келіссөздер жүргізілуде және Иранмен толық форматты келісім жасасу бойынша келіссөздер процесі басталды.
Сонымен қатар, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Бірлескен зерттеу топтары Индонезия мен Моңғолиямен еркін сауда туралы келісімдер жасасудың орындылығын зерттеді. Индонезиямен сауда-саттықты арттыру әлеуеті 525,6 млн долларды, Моңғолиямен-24 млн долларды құрайды. Әлеуетті экспорттық тауарлар: феррохром, легірленбеген алюминий, аллюминий оксиді, тегіс илек, орташа және ауыр дистилляттар. "Мұндай келісімдерді жасасу қазақстандық тауар өндірушілерге тауарларды жаңа нарықтарға нөлденген немесе төмендетілген кедендік баждар бойынша жеткізуге мүмкіндік береді, бұл экспортталатын өнімнің өзіндік құнын едәуір төмендетеді және қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді", — деп түйіндеді министрлікте.
Қарау саны: 2319 |
|
|