Отбасы банк
29.12.2021
Отбасы банкі ұлттық даму институтына айналады"Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы "Отбасы банк" АҚ ұлттық даму институты болады, деп хабарлады "Бәйтерек" холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов ҚР Үкіметі отырысында.
Холдинг басшысы тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы аясында Отбасы банкінің базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын хабарлады. Ол тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын есепке алу, есепке қою және жүргізуді, сондай-ақ тұрғын үйдің қол жетімділік сатысына сәйкес қойылған күні бойынша тұрғын үйді бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын болады. "Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады. Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктің мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесіне ие банкке өзгерту жоспарлануда", — деп хабарлады Айдар Әріпханов. Оның айтуынша, Отбасы банкі облыс әкімдерімен бірлесіп банк құралдары аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10%, сыйақы мөлшерлемесі 2-5% болатын жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлейді. Өнімді құрудың жоспарланған мерзімі-2022 жылдың бірінші тоқсаны. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің бағыты бойынша бүгінгі күні халыққа жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 73 мың жеңілдікті қарыз берілді. Оның ішінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 150 млрд теңге сомасына 13,6 мың қарыз берілді. Көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін жылдық 2% - бен "Бақытты отбасы" жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша 2021 жылы 70 млрд теңге бөлінді, 45 млрд теңгеге 3 837 қарыз берілді, 10,2 млрд теңгеге 873 қарыз қосымша мақұлданды. Барлығы 2022-2025 жылдарға арналған "Бақытты отбасы" бойынша беру жоспары 240 млрд теңгені құрайды. "Тұрғын үй құрылысы аясында "Бәйтерек" холдингі еншілес ұйым — "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ желісі бойынша басқа да бағыттармен жұмысты жалғастыруда. Мәселен, облигацияларды сатып алу тетігі арқылы кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша әкімдіктерге 2021 жылы жалпы сомасы 163,7 млрд теңге немесе бекітілген жоспардың 100% қорландыру берілді. Қаражат екі жыл сайын револьверлік негізде жылдық 4,25% - бен жеңілдікті шарттармен беріледі. 2022-2025 жылдары 4 млн шаршы метр несиелік тұрғын үй (немесе 68,2 мың пәтер) салу үшін жалпы сомасы 869 млрд теңгеге әкімдіктердің облигациялары кумулятивті сатып алынады", - деді "Бәйтерек" ҰБХ басшысы. Сондай-ақ, жалпы сомасы 362 млрд теңге, ауданы 2 млн шаршы метр тұрғын үй болатын 73 жоба құрылысты аяқтауға кепілдік алды. Бұл халықтың коммерциялық нарықта 21 мың пәтер сатып алуға салған салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. 2025 жылға дейін барлығы 500 млрд теңгеге жуық жобалар кепілдендіріледі. Жеке құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау жалғасуда. Мәселен, ағымдағы жылы жоспар бойынша 20 млрд теңге болса, жалпы сомасы 27,8 млрд теңге болатын жобалар мақұлданды. Құрылыс компаниялары үшін коммерциялық кредиттердің құны орта есеппен 50% - ға арзандады. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 100 млрд теңге болатын жобаларға қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта "Қазреестр" үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі, оның ішінде мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау арқылы жаңғыртылуда. "Бұл үлестік қатысу шарттарын электрондық тіркеуді үш күннен екі сағатқа дейін қысқартуға және жосықсыз құрылыс салушылар арасында тұрғын үйді нарықта" қосарланған "сатуды болдырмауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Айдар Әріпханов. Сондай-ақ ҚТК тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ қазақстандық өндірушілерді қолдауға бағытталған құрылыс материалдарының каркетплейсін әзірледі. Құрылыс саласының қатысушылары тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы ақпаратты орналастыра алады, сондай-ақ мәмілелер жасай алады. "Қазір отандық өндірушілердің коммерциялық ұсыныстарын жіберу функциясы бар құрылыс материалдарына қажеттілік витринасы қалыптастырылды. Екінші кезеңде платформаның мәртебесін және ол арқылы материалдарды сатып алу тәртібін анықтағаннан кейін жеткізушілер мен құрылыс салушылар арасында онлайн-шарттар жасасу функциясы әзірленетін болады. Маркетплейсті өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2022 жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асырылады", - деді холдинг басшысы.
Қарау саны: 2120 |
|
|