ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов

12.01.2022

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ұлттық экономика, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Әділет министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырды, деп хабарлайды Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.

 

"Ұлттық экономика министрлігі Үкімет құрылымында негізгі болып табылады. Сіздің Министрлігіңіздің алдында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа саясатын үйлестіру бойынша үлкен міндеттер тұр. Мемлекет басшысы экономикалық дамудың сапасын және азаматтарымыздың әл — ауқатын арттыруға бағытталған экономиканың терең құрылымдық реформаларын жүргізу бойынша міндеттер қойды",-деді Премьер-Министр Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты таныстыра отырып.

 

Энергетика министрлігінің ұжымы алдында сөйлеген сөзінде Үкімет басшысы мұнай өнімдерінің, газдың және электр энергиясының тапшылығына, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу қажеттігін атап өтті.

 

"Геологиялық барлау, мұнай — газ химиясы мен атом өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ мұнай-газ жобаларын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аудару қажет", - деді Әлихан Смайылов Энергетика министрі Болат Ақшолақовты таныстыра отырып.

 

Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты таныстырды.

 

"Министрліктің алдына өнеркәсіпті, құрылысты, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бойынша үлкен міндеттер қойылды. Елдің одан әрі экономикалық өсуі және біркелкі өңірлік дамуы үшін жақында "Қуатты өңірлер – ел өсуінің драйвері" ұлттық жобасы қабылданды, оның шеңберінде республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау бойынша басым жобалар айқындалды. Бұл жұмысты сапалы және уақтылы жүргізу қажет. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің өсімін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Импортты алмастыру, экономиканың бәсекеге қабілетті салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту қажет", — деді Әлихан Смайылов. 

 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятты таныстыра отырып, Үкімет басшысы елдің медицина қызметкерлері пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде тұрғанын атап өтті.

 

"Қазір бүкіл әлемде сырқаттанушылықтың өсуінің жаңа толқыны жүріп жатыр. Жағдайды нақты бақылауда ұстау, сырқаттанушылықты одан әрі дамыту сценарийлерін мониторингтеу және дұрыс құру қажет. Отандық денсаулық сақтауды дамыту деңгейін одан әрі арттырып, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет", — деді Министрлер Кабинетінің басшысы.

Премьер-Министр Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровты таныстырды.

 

"Министрлікке азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, ұлтаралық қатынастарды нығайту бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Қазір бұл бұрынғыдан да өзекті. Дін және конфессияаралық келісім мәселелері жөніндегі жұмысты күшейту қажет. Біздің жастарымыздың деструктивті ағымдарға тартылмауы маңызды", - деді Әлихан Смайылов, жастар, отбасы және ақпараттық саясатқа баса назар аудару қажеттігін атап өтті. 

 

Үкімет басшысы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты таныстыра отырып, отандық спортты дамытуда сапалы серпіліс жасаудың, мәдениет пен туризм саласын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

 

Министрлер кабинетінің басшысы Әділет министрі Қанат Мусинді таныстырды.

 

"Әділет министрлігіне мемлекетті құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі тиімді жұмысты одан әрі жүзеге асыру, заң жобалау қызметінің сапасына және оны үйлестіруге назар аудару, Үкіметтің Заң жобалау жұмыстары жоспарының ағымдағы жылы нақты орындалуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Мемлекет басшысы көтерген құқық қорғау саласын кешенді жаңғырту мәселесін шешуге ерекше назар аударылсын", — деді Әлихан Смайылов.



Қарау саны: 2043
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!